ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛЫ КУРС

0

Жуырда Жаңатас қаласында  мектепке  дейінгі  ұйым педагогтеріне    арналған  «Жамбыл-Өрлеу»  Кәсіби даму институты ұйымдастырған біліктілік  арттыру  курсының тыңдаушысы болдым. Курс  оқытушысы  Мадина  Оңғарқызы  бізге жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі таныстырды. Біліктілікті арттыру курсында мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты және толыққанды дамытуда ойын әрекетін тиімді ұйымдастырудың жолдарын, педагогтің ойын құзыреттілігін дамытуды тәжірибе жүзінде меңгердік. Курс барысында педагогтер жаңа  оқу жылына  біліктіліктерін  арттырып, мектепке дейінгі ұйымдарға бағытталған заманауи  әдіс  тәсілдерін  игерді. Мектепке дейінгі ұйым — баланың негізгі дағдыларын қалыптастырудағы іргетасы болғандықтан, дамытушы ортаны дұрыс құрудың талаптарымен таныстық. Мадина  Оңғарқызы  курс тыңдаушыларының сұрақтарына  жүйелі, нақты ақпарат берді. Мектепке  дейінгі  тарбиешілер  біліктілікті арттыру курсын сәтті  аяқтап,  «Жамбыл-Өрлеу»  Кәсіби даму институтының сертификатын  иеленді. Осы орайда:

Біздерден  жасөспірім  білім  алды,

Жүйесін  таба  білсек  іліп  алды.

Жемісті  болсын  біздің  еңбегіміз,

Артымызда  жүз  жылдық  білім  қалды, — деп тарбиешілеріміз  жаңа  оқу  жылына  орасан жігер, талап  біліммен  аяқ  басуда. «Жамбыл  Өрлеу» институтының аға оқытушысы Мадина Оңғарқызына және институт  ұжымына  алғысымызды  білдіре  отырып, жаңа оқу жылы  баршамызға шығармашылық  табысты, оқу жылы сәтті болсын  деймін!

К.Қасымбекова,

«Жанна» бөбекжай- бақшасының  әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.