ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ

0

Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 2022 жыл-Балалар жылында «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық»  ұранымен өтіп жатыр.  Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, жеке кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б. қатысушылар қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.

Бұл акция «Ақтоғай» орта мектебінде де өз деңгейінде өтіп, көптеген балаларды қуантты.  Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 12 балаға кеңсе тауарларымен көмектессе, жеке мұғалімдер З.Тулеуова, А.Писпекбаева, Ж.Уткелбаева,  А.Рахбаева  өз қаражаттарына әрқайсысы 1 оқушыға мектеп формасын алып берсе,  мектеп директоры А.Шегирова 10000 тг қаржылай демеушілік жасады. Тараздық кәсіпкер Алия апай ер балалардың киімдерін берді-3 костюм-шалбар,12 ақ жейде, 11-шалбар заттай көмек берді.

Акцияға ауылымыздың азаматтары да өз үлестерін қосуда. Аудандық алқа билер төрағасы -зейнеткер Аппазов Серік 10000 тг қаржылай көмек берді.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүрден қалыс қалмайтын ауылымыздағы ардақты ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі-зейнеткер, «Диас» шаруа қожалығының төрайымы Қаракесекова Мейрамкүл  мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа келген  Ырзыхан Мақпалға мектеп формасы, спорттық киім, кеңсе тауарларын әперіп,  қамтамасыз етіп отыр.

Б.Тайкешова, Ақтоғай орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.