ИГІЛІКТЕГІ ИГІ ІСТЕР

0

Игілік ауылдық округінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарының 90 %-ы егіншілікпен айналысады. Биылғы жылы шаруалар  500 га жерге жүгері, 320 га күздік бидай, 405 га арпа, 900 га мақсары, 200 га жаңа жоңышқа егілді.

Сонымен қатар егістікті тыңайту мақсатында «Игілік» өндірістік кооперативі 18 тонна амафос 4,5 млн. теңгеге алынып, 120 га жерге себілді.

Қысқа мерзімді «Кеңдала» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 шаруашылық жанар-жағармай және тұқым алу үшін 11,0 млн. теңгені  қысқа мерзімге 5 % өсіммен несие алды. Мемлекеттік   бағдарлама шаруаларға тиімді қарастырылған. Атап айтар болсақ бағдарлама бойынша тамшылатып суару құралдарының тамшылату таспаларын (лента) сатып алуға, күздік дақылдарды егуге, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына беріледі.

«Агро бизнес» бағдарла-масымен 1 жеке кәсіпкер шаруашылығын ұлғайтуға 2,8 млн. теңге несие алып, 6 бас жылқы алды.

БЖК-2025 бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау шаралары бойынша несиелік субсидия (6%) 3 жеке кәсіпкерлер Халық банкі арқылы 15,0 млн. теңге несие алды.

Ауыл шаруашылық техникаларын лизингке алу бойынша «Жамбыл-2» шаруа қожалығы 1 бірлік техникаға сұраныс беріп келісім-шартқа отырды.

Мал азығын дайындау барысы 100% -ға орындалды,  табиғи шөп оруға шаруалардың 16 трактор және 30 дана қосалқы құралдарын сайлап, табиғи шөп оруда.

Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.