ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

0

Өткен сенбіде аудандық әкімдіктің алаңында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде күнделікті халықтың тұтынатын ет, сүт, май, картоп, сәбіз, бал, жұмыртқа, т.б. ауылшаруашылық өнімдері сатылымға шықты. Мұндай жәрмеңкенің халыққа тигізер пайдасы зор дейді сөйлескенімізде жергілікті тұрғындар. Себебі, бұл жерге келетін қандай өнім болса да өзіндік балғындығы таза сақталып, әрі базар бағасына қарағанда қалтамызға икемдірек.

Жалпы бұған дейін ауылшаруашылық жәрмең-кесі талай ұйымдастырылып өтіп келген болатын.  Сатушы мен алушының арасындағы жәрмеңкені осылай жиі ұйымдастырып тұрса дейді жасы келген алдыңғы буын ағалар. Себебі, базардан кейде ет алсақ көңілімізден шықпай жатады, мұнда арнайы толыққанды тексерістен өткізіліп, көбіне жас малдың еттері сатылымға келеді деп отыр. Иә, таңғы 08:00-де басталған жәрмеңке түс әлетінде аяқталды.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.