СЕНБІЛІК БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

0

АУДАНДА КҮЗГІ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛҒАЛЫ БІРШАМА ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ. МҰНЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕН АНЫҚ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. ӘР СЕНБІДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, ТАЛАЙ ТІРЛІК ТЫНДЫРЫЛУДА. ИӘ, ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ БОЛЫП ТҰР.

Себебі, ол – айналаны қоқыс қалдығынан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игі іс. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Осыны қаперге алған аудан тұрғындары, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, мектеп және балабақша ұжымдары өткен сенбіде өздеріне тиесілі аумақты ретке келтіріп, талдардың қураған бұтақтарын кесіп, арықтарды, айналаларын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды. Бұл күні қала тұрғындары да үйлерінің алдында бей-берекет шашылып жатқан қоқыстарды алып, қураған шөптерден есіктің алдын тазартты.

Сенбі күні әдеттегідей тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарының жүргізілу барысын білу мақсатында қаланы аралап көрген болатынбыз. Ең әуелі Айтбала Жолмаханова басшылық ететін аудандық орталықтан-дырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының  ұжымы, балабақша меңгерушісі Галина Мороз өзі бастап мамандарымен бірге және Өрт сөндіру, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымдары белгіленген аумақты тазалап, ағаштарды кесіп, түскен жапырақтарды сыпырып жүргендерінің куәсі болдық.

Қала бойынша бордюрлер ретке келтірілді. Жалпы сенбілікке 43-ке жуық мекемелер және 402 адам атсалысып, 3,5 тонна қоқыс шығарылып, 460 метр арықтар тазаланды.

Сенбілік-тазалық кепілі. Әр адам, әр ұжым сенбілікке кішкене де болса да атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Қала тазалығына үлес қосу-әрбір тұрғынның міндеті.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.