АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасының ақпараттық түсіндіру тобының құрамы ауданымызға іссапармен келіп, Жаңаарық және Түркістан ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, «Ауыл аманат» жобасын жан-жақты түсіндірді.

Ақпараттық топ мүшелері округ тұрғындарына аталған жоба  жүзеге асатынын жеткізді. Сондай-ақ топ мүшелері  үй іргесіндегі жерді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, ауыл сыртындағы жерлерді игеру, ауыл шаруашылық техникаларымен қамту және кәсіпкерлікті кеңейту сынды бес бағытты қамтитын жоба барысында 7 жыл 6 айға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен несие берілетінін тілге тиек етті. Бұл жоба арасында 1,5 жыл демалысы және қаражат алу үшін кепілдікке жылжымайтын мүлік қойылып, тәуелсіз бағалаушылар бақылауында болатынын айтты.

Айта кету керек, облыс тұрғындарының тұрмыс табысын жақсарту пилоттық  жобасы аясында 2,5 пайыздық несиемен несібелерін арттырғысы келген Саудакент ауылында 300 азамат пен «Саудакент 2019» өндірістік кооперативі құрылып, бүгін де өнімділікті арттыру бағыты бойынша жұмыс жасауда.

Кездесуде тұрғындар жобаның шарттарымен танысып, түсіндіру тобының мүшелеріне көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сәулет ЕСҚАРАЕВ, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.