ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

0

Апта ішінде  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, аудандық  мәслихат хатшысы А.Сейналиев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, кәсіпорын басшылары  мен қызметкерлері мемлекет басшысы  Қасым–Жомарт  Тоқаевтың  биылғы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын Хабар 24  телеарнасының тікелей эфирінен қарап, тыңдады.

Жолдаудан кейін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев жиын өткізіп, биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Актив отырысы өтті

Мемлекет басшысы  Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтың төрағалығымен актив отырысы өтті.

Жиынға  аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев,  аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме,кәсіпорын басшылары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және мекеме қызметкерлері қатысты.

Актив отырысында  аудан әкімінің орынба- сары Н.Нұралиев, және аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев хабарлама жасап, Жолдаудың басым бағыттары мен туындайтын міндеттеріне жан-жақты тоқталды.

Жиын барысында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев Жолдауды орындау бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар  Жолдауды халық арасында кеңінен түсіндіру жөнінде ақпараттық топтарды құрып, халықпен кездесулер өткізуді тапсырып, баспасөз беттерінде, телеарналарда және әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттық жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.

Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбаев мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауын қолдайтындығын айтып, жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысуға шақырды.

Сәулет Есқараев, „Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.