САРЫСУДА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің бастамасымен, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын пысықтау мақсатында, аудан аумағындағы бірқатар лотоктар мен арықтарға тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ауқымды акцияға Байқадам мен Жаңаталап, Игілік пен Жайылма ауылдық округінің әкімдік қызметкерлері мен шаруа қожалық иелері және ауыл тұрғындары қатысты. Игілікті іске бірауыздан ауыл ақсақалдары да бас болып, атсалысты.

Тазалық жұмыстарына ерікті түрде жалпы саны 200-ге жуық ауыл азаматтары мен арнайы 2 техника жұмылдырылды.

Сонымен, акция аясында Қазсушар РМК Сарысу өндірістік бөлімшесі мен жергілікті ауыл азаматтары біріге отырып, суармалы су өтетін: «Ескі кәрітоған», «Өтес», «Күлтөбе», «Киров», «Қызыл-Ту» және ауыл іргесіндегі шлюз маңдары қоқыс пен қамыстан толық тазаланды. Сондай-ақ, канал табандарының топырақтары алынып, тегістелді.

Аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы берері мол бастамаға қолдау танытқан барша ауыл азаматтарына Алғысын білдірді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.