ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ИГІ ІС

0

Өткен аптада «Аманат» қайырымдылық қоры мен қолы ашық жомарт азаматтар  Ұлан Үсенов, Бахытбек  Нұрбеков, Мейіржан Хансейтовтар бірігіп, мүмкіндігі шектеулі азамат Е.Тұрғанбаевқа Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

Үш баланың әкесі мүмкіндігі шектеулі жан  Ерлан Тұрғамбаев өз сөзінде:

-Осындай қайырымдылық жасап жатқан «Аманат» қайы- рымдылық қорына, және жеке кәсіпкерлерге әкелік алғысымды білдіремін.  Осы уақытқа дейін  1 бөлмелі жалдамалы пәтерде  тұрып келгенбіз.  Енді, міне, жаңа қоныс тойын тойлап жатырмыз.  Үйге аудандық орталық базар, мектеп пен балабақша да   жақын жерде орналасқан,-деді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер тарапынан ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды.    Айта кетейік, «Аманат»  қайырымдылық  қоры бұған дейін де  «Асарлатып үй салу» жобасына қатысып, көптеген игі іс- шараларға атсалысып келеді.

Сәулет Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.