ДОСБОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖОСПАРЛЫ ІС-ШАРАЛАР
Досбол ауылдық округі бойынша биылғы 2021 жыл нәтижелі табысты жыл болды. Жыл басынан бері, Мемлекеттің қолдауымен ауылдық округте төмендегі жұмыстар атқарылды:
- Досбол, Шағалалы ауылдарына балалар ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Қаржысы – 5,1 млн. теңге;
- Досбол, Шағалалы ауылдарына тренажерлар Strit workaut салынып пайдалануға берілді. Қаржысы- 2,1 млн. теңге;
- Досбол ауылындағы К.Жұмабеков көшесі, С.Сансызбаев көшелеріне асфальт төселді. Қаржысы – 14,4 млн. теңге;
- Шағалалы ауылына кіші футбол алаңы салынды. Қаржысы – 6,6 млн. теңге;
5.Досбол ауылдық округіне бейнебақылау камералары орнатылды. Қаржысы – 1,1млн. теңге;
6.Үлкен Көкдала ауылдарының түнгі жарық шамдары LED –шамдарға ауыстырылды. Кіші Көкдала ауылының түнгі жарық шамдарын орнату қараша айына жоспарланған. Қаржысы –2,9 млн. теңге.
Кәсіпкерлік саласын дамыту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Ауылдық округте 26 шаруа қожалық тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғаны 23 шаруа қожалық, оның 52 пайызы яғни 12-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. МІҚ малын асылдандыруды 5 шаруашылық, қой малын асылдандыруды 7 шаруашылық жүргізуде.
Жыл басынан бері барлық мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар бойынша ауыл тұрғындарына үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша өткен жылы 2 азамат 6 млн. теңге несие алып мал өсірумен айналысса, 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен 3 шаруа қожалық 26,0 млн. теңге несие-ге 50 бас жылқы малын сатып алып, өсірумен айналысуда. 1 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 22,9 млн. теңге несие алып, 53 бас жылқы сатып алды.
Қайтарымсыз 580 мың теңге грантты өткен жылы 8 азамат — 4,4 млн. теңге қайтарымсыз грант жеңіп алса, 2021 жылы 3 азамат алды. 7 азаматтың құжаттары рәсімделіп дайындалған қаржысы күтілуде.
Биылғы жылы 5 шаруа қожалыққа «Жайылымдарды суландыру» бағдарла- масы аясында құдық қазылып, күннен қуат алатын энергиясын орнатылды.
Алдағы уақытта, ауыл халқының тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар істер жоспарлап отырмыз.
1.Шағалалы ауылына газ құбырын тарту;
2.Шағалалы ауылына ауыз су жүйесін тарту;
3.Шағалалы–Тоғызкент, Досбол – Үлкен Көкдала бағытындағы жолдарды жөндеу;
4.Үлкен Көкдала, Шағалалы елді мекендеріне интернет желісін тарту;
5.Шағалалы ауылына клуб үйінің құрылысын салу.
Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты