ТӘРТІПТІ САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

0

Коронавирус пандемиясының таралуының алдын-алу мақсатында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов және аудан аумағында құрылған мобильді топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі бастаған мобильді топ мүшелері қала орталығындағы алаң мен орталық маңындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талаптарына мойынұсынбаған аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді.

Рейдтік шара барысында түнгі 21.00-ден кейін спирттік өнімдерін сатпау туралы айтылып және беймезгіл уақытта көшеде  жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына ескерту жасалды.

Талап жалпыға ортақ. Басты мақсат қауіпсіздік шараларын сақтау. Ғасыр дертін тек тәртіпке бағыну арқылы жеңеріміз анық.

Рейдтік шаралар жалпы аудан көлемінде жалғасып жатыр.

СПОРТТЫ ҚОЛДАУ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазіргі таңда спортпен шұғылданам деген адамға мүмкіндік көп.

Балаңызды баулуға үйірмелер де, өзіңіз айналысам десеңіз, қала мен ауылдық округтерде спорт алаңқайлары мен залдары жетерлік.

Тек уақыт пен талап, тұрақты айналысу үшін тәртіп қана керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, тән саулығын қалыпта ұстау үшін кәсіби спортшы болу міндетті емес. Кез- келген салада қызмет ететін әр азамат бос уақытын спортқа арнауға құқылы. Осы орайда спортты жанына серік еткен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевты айтсақ болады.

Спорттың бірнеше түрімен айналысып, қолдау көрсетіп келеді.

«Спорт – бала күнімнен бергі серігім. Спорт адамды жауапкершілікке, төзімділікке, өз-өзіңе сенімді болуға тәрбиелейді. Мәселен, өмірде түрлі сынақтар, қиындықтар кездеседі. Соларды еңсеруге сабырлық, шыдам керек.

Тіршілігімізде бәріміздің де жұмыстан қолымыз тие бермейді. Оның үстіне  халықпен тығыз байланыста болғандықтан, бос уақыт табу өте қиын.

Аз-аздан болса да тұрақты түрде ең болмағанда дене жаттығуларын жасап тұрсақ, денсаулыққа пайдалы болар еді»,-дейді аудан басшысы.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.