МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

Өткен аптада Ж.Үшкемпіров атындағы « Тараз- Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас  мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан «Облыс әкімінің кубогы-2021» үшін өткен чемпионатында Сарысу командасы ІІ орынмен оралды.

Сарысу командасына қатысқандар:  Абзал Сахарапұлы Қырғызбаев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Кеңес Мұхаметәлі Нұрланұлы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшенің бас инспекторы, Аманбеков Әділет Кенжебекұлы Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Мақашева Ботагөз Маратқызы аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Қадырбекова Меруерт Нышанбайқызы аудан әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімінің бас маманы, Ыдырыс Сейдахмет Ғазизұлы Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Мұсабай Аят Манарбекұлы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының өткізу жөніндегі инспекторы.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Камели Сүлейменова, “Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.