АТҚАРЫЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР БАР

0

Байқадам ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Заңдарына, Үкіметтің қаулыларына, облыс және аудан әкімдері, аудандық мәслихаттың және өз бақылауындағы құжаттарды басшылыққа алып жұмыс атқарып келеді.

Ауыл бойынша «Тұрғындардың әлеуметтік картасы» әзірленіп, картаға әрбір тұрғынның отбасы саны, табыс көзі, тұрмыс жағдайы, жұмысқа жарамды отбасы мүшелері, үй іргесіндегі жерді пайдалану деңгейі, қосалқы шаруашылығы, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіншілігі мен ынтасы, мал басы, сумен қамтылуы т.б маңызды мәліметтер  дерекқорға енгізілген.

«Елді мекеннің әлеуметтік төлқұжатына» әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарының қай жылы салынғандығы, күрделі, орташа ағымдағы жөндеу жүргізілгендігі, бүгінгі жағдайы (апатты, жарамды) ескі нысандарды жаңғырту мүмкіншілігі, жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандардың қажеттері туралы, т.б мәліметтер енгізілген.

Ауылдық бюджеттің орындалуы: 2021 жылға жалпы бюджет 143 млн. 369 мың тенге болды одан бүгінгі күнге 48 млн. 423 мың теңгеге орындалды. Жалпы барлық салықтық түрі бойынша бүгінгі күнге  12 млн. 887 мың теңге болды. Оның ішінде: жеке табыс салығы — 4445 мың теңге, мүлік салығы — 111 мың теңге, жер салығы — 279 мың теңге, көлік салығы — 8052,0 мың теңге түсім болды.

2021  жылы  ауыл бойынша бірқатар жұмыс- тар атқарылуда. атап айтқанда ауылдық мәдениет үйі 166,0 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. 8 млн. теңгеге шағын футбол алаңшасы, Саудакент стелласы 7 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көше тренажері және абаттандыру жұмыстары және 3 көшеге жарық шамдары орнатылып, жүргізілетін болады.

Кәсіпкерлік саласы  бойынша барлығы 394- субъекті оның ішінде, 1- кооператив, 4- ЖШС, жеке кәсіпкерлік — 69 нысан, шаруа қожалықтары- 22. Осы салада барлығы — 486 адам жұмыс атқарады. 2021 жылы 1- супермаркет,  1- автобөлшек дүкені және май алмастыру бекеті,  1- тігін шеберханасы, 1 — шаштараз, 1- құрылыс заттары дүкені, 1 — монша  ашылды. Кәсіпкерлерге Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығында мал басы жекеше  //ЖҚШ/ —  МІҚ — 2537 бас аналығы- 855 бас,  қой-ешкі — 9423 аналығы-6571 бас, жылқы- 968 бас аналығы-350 бас, түйе — 188 бас аналығы-36 бас, құс-2474 бас аналығы 1042 бас.  Шаруа қожалығы  –  МІҚ — 715 бас аналығы-234 бас, қой-ешкі -11170 бас аналығы — 3790 бас, жылқы- 382 бас  аналығы-145 бас, түйе — 242 бас аналығы — 88 бас. КГЛ-«Конго Қырым геморрагиялық қызбасы» бойынша 2-кезең «Тараз-Дезинфекция» ЖШС арқылы 3811 бас МІҚ, 26747 бас қой-ешкі, 472 бас түйе және 993 аулаға 195600 шаршы метр 6 буферлік аймаққа залалсыздандыру жұмыстары  жүргізілді. 3-кезең жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық саласында жалпы — 44 техника  бар оның ішінде трактор-15, соқа-4,  тырма-6, кун тіркемесі- 5, тележка-12, косилка-2 тіркелген.  Егін шаруашылығы бойынша:  11 —  шаруа қожалық егін шаруашылығымен айналысады.   Жалпы егістік 203 га егін егу жұмыстары жүргізілді. Шөп дайындау:  жалпы 993 аула 5007 тонна,  11 шаруа қожалығы 5502 тонна 90 пайызға жоспар 16119 тонна орындалады және де  қуаңшылық орын алған Қызылорда облысының Арал ауданына Саудакент-2019 кооперативі мен А.Баймағанбетовтың қолдауымен Шу бойынан 2000 пресс шөп дайындалып жіберілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Шалқыма» ш/қ өндірістік инфрақұрылым тарту тетігі бойынша 26,1 млн. теңге болатын  электр желісін орнатты.

Жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарында 8 — құдық пайдалануда.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы бойынша. Пилоттық жоба  5 — бағытта жүргізілуде.

I-бағыт. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша

Ауыл бойынша жеке қосалқы шаруашы- лықта: — 984 аулада 118,0 га жер бар (7 сотығы үй–жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. ) пилоттық жоба бойынша  ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланды. Үй іргесіндегі  егіске жарамды 118 га жердің  72 га яғни  40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсірілді, қалған 46 га басқа бақша дақылдары. Ауылдық округте жеке кәсіпкер Б.Сармолдаев, несие соммасы – 6 200 000 теңге көлемі. 2021 жылдың сәуір айында 70 түп «Мейер» сортты 3 жылдан асқан лимон ағашын отырғызды,  бастапқы уақытта лимон талдарын 1 жыл ішінде күтіп- баптауға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізетін болады. 2 жылдан кейін 1 түп лимон ағашынан 15 кг лимон алынады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні қиярдың бірінші айналымынан 400 кг өнім алынып, аудандық және ауылдық базарларға 200 теңгеден сатылуда. Ағымдағы жылы да ауылдық округтегі үй іргесіндегі жерге 40 гектар қызанақ және 32 гектар қияр орналастырылды. Ауылдағы ашылған кооператив ауыл тұрғындары үшін 30 мың түп қызанақ көшетін өсіріп, 5 теңгеден сатты. Бүгінгі күні  32 га қиярдан 310 тн, 40 га қызанақтан 340 тн өнім алынып, аудандық және ауылдық орталық базарларға сатылуда. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары рентабельді дақыл ретінде 50 аула шие, 10 шабдалы, 15 аула алмұрт, 23 аула құлпынай, 8 аула жүзім дақылдарын әр аулада 10-нан кем емес көшеттен екті.

II бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша. 2021 жылы  797 бас аналық сиырдан 683 бұзау, 747 бас жылқыдан 598 құлын, 2235  бас  малдан 2046  төлдер алынды. Ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 51268 тонна ет, сауын сиырдан 172543  тонна сүт өндірді.

III бағыт. Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану. Ауыл тұрғындарының қолда бар малы мен сатып алынған малға азық дайындау үшін, «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілген. 2021 жылы аталған кооператив биылғы жылы 150 гектар күздік бидай, 250 гектар жаздық арпа, 20 гектар суармалы алқаптағы көпжылдық шөптер, 15 гектар тәліми алқаптағы көпжылдық шөптер және 7 гектар дәндік жүгері орналастырды. Биылғы жылы да  шу бойынан қамыс шабылды. Биылғы жылдың ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктемгі жаңбырдың болмауы) 150 га бидайдан 26 тн, 250 га арпадан 30 тн өнім алынды. 15 га көпжылдық шөптің су жетіспеуіне байланысты шықпай қалды. Бүгінгі күні Шу бойынан жоспар бойынша 1500 рулон шөп дайындалады.

Асар бағдарламасы —  бойынша    1 үй салынуда 286 ш.м  Досымбеков Арман қөпбалалы отбасы 4 бала.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында несие алуға ниет білдірген    30 — ауыл тұрғыны Сарысу  ауданы  әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолданып, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалында 1 айлық курсын бітіріп, сертификат алып шықты. 2021 жылы – 45 адам грант алды 26 млн. 253 мын тг. 2021 жылы 2 азамат несие Саудакент серктестігі арқылы  Сарсекеев мал шаруашылығына 4,0 млн. , 5,4 млн.теңге Тулмаганбетов жылқы өсіруге алды.

Жұмыспен қамту қоғамдық жұмысы бойынша 22 азамат жұмысқа тартылды. Жоғары және арнаулы орта білім алған 11 азамат ауылдық округ бойынша жастар тәжірибесінен өтті.  Жастар саясаты бойынша.   Байқадам ауылдық округі бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны -1141. Ол ауыл халқының 19% құрайды.

СOVID 19  Коронавирус індетінің алдын алуға байланысты, құрылған жұмысшы топтың жұмыс жоспары жасалды. Белгіленген жоспар 2269 адамға вакцина салу,  қазір таңда 2311 салынды. Ауылдық округ тұрғындарына қаулыға сәйкес, коронавирус індетінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Коронавирусқа байланысты ауылда 1 бильборд, 2 баннер ілінді. Елді мекенді абаттандыру   елді мекенде санитарлық тазарту жұмыстары атқарылуда. Көктем-күзгі тазалық айлықтарына байланысты сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, ондағы жиналған күл-қоқыстар  арнайы орындарға шығарылады. Байқадам а/о тиісті қоқыс тастайтын орны Өндіріс ауылының жерінен 3 га жер бөлінген. Қоршалған, құжаттары рәсімделген.

Жасыл желектер: Саудакент ауылы бойынша және мекемелерде 330 түп жеміс талы, 580 түп қара тал, 30 түп қылқан жапырақ көшеті егіліп талдар күтіп баптап ұсталуда.

2021-2022 жылғы қыс маусымына- ауылдық округтегі білім беру нысандары, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана т.б мекемелерге қажетті 2815 тн қатты отын сұраныс беріліп түсіруде, және 993 аулаға 4965 тн жоспарланды қазіргі таңда көмір түсірілуде.

Адамбаев мектебі 400 тн, Б.Қашкынбаев 390 тн, ауылдық аурухана 960 тн, «Ақбота» балабақшасы 341 тн, ауылдық мәдениет үйі 240 тн, ТШО 140 тн, аула клуб 50 тн, балалар кітапханасы 30 тн түсіріліп қамтылды.

Ауыл бойынша қыс мезгілінде төтенше жағдайларының алдын алу мақсатында, арнайы техникалар және жылыту бекетімен келісімшарт жасалынды. Инертті заттармен қамтылды.

Байқадам ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Заңдарына, Үкіметтің қаулыларына, облыс және аудан әкімі, аудандық мәслихаттың және өз бақылауындағы құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс атқара беретін болады.

А.Назарбеков, Байқадам ауылдық округі әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.