ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

0

Өткен аптада ауданымызға  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы  Ғабидолла Оспанқұлов жұмыс сапарымен келді.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев өзі бастап, қысқа дайындық барысын зерделеу мақсатында келген Мемлекеттік инспекторды Жаңатас қаласындағы Орталық қазандыққа алып барды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемле- кеттік инспекторы  Ғ.Оспанқұлов    аудандық білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетовтен аудандағы білім беру мекемелерінің қысқа дайындығы туралы жан-жақты сұрады. Ал, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының орынбасары Т.Төлебаев Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйіне тоқталды.

Одан кейін ауданымызға келген Мемлекеттік инспектор  орталық қазандықтың жылу беру маусымына дайындығымен мұқият танысып шықты.

Аралау барысында тиісті сала басшыларына орталық қазандық Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердегі тұрғындарды, әлеуметтік  және өзге нысандарды жылумен қамтамасыз етудің маңызды объектілерінің бірі болғандықтан жылыту маусымы кезінде кемшіліктердің орын алмауын, қазандыққа қажетті мазут отыны жеткілікті болуын әрі мазут отынының сапасын тексеріп, қабылдап алу керектігін тапсырды.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.