Тілге құрмет-елге құрмет

0

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын Сарысу ауданында  іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін көрсету бағытында, мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», өзге этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы», «Абай оқулары», мемлекеттік қызметшілер арасында «Латынша оқып үйренейік», жас ақындар арасында «Тәуелсіздік тұғырым» жыр мүшайрасы, «Мемлекеттік тіл-мерейім» аудандық байқаулары өткізілді. Жыл соңына дейін түрлі форматтағы аудандық байқаулар жалғасын табады.

Аудандық байқаудан жеңімпаз атанған үміткерлер облыстық, республикалық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда: облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Латынша оқып үйренейік» байқауында М.Қадырбекова бас жүлдені иеленсе,  облыстық өзге этнос өкілдері арасынан өткізілген «Абай оқулары» байқауында А.Савчук 1 – орын, «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты байқауда С.Добрынин  3-орынды  иеленді.

Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту: ағымдағы жылдың 8- қыркүйек күні ауданымызда «Латын әліпбиі-ел болашағы» жалпыхалықтық диктант акциясы болып өтті. Акцияға білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Аудандағы тұрғындар, жастар және  мекеме қызметкерлеріне  тұрақты түрде «Латын әліпбиіне көшу –өркениетті таңдау», «Латын әліпбиіне көшу-әлемдік өркениетке қадам басу», «Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы» дөңгелек үстел, «Латын графикасы сауаттылық негіздері» атты семинар-тренингтер және жаппай диктант жазу акциялары өткізіліп келеді.

Сарысу аудандық Тiлдердi оқыту  бөлімшесінде 2021  жылдың қыркүйек  айына дейін 12 топ оқып шықты. Онда 6 топта 80  тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып, оқығаны жөніндегі арнайы сертификаттар берiлдi.

Aл қазіргі таңда, 7 топта 74 тыңдаушы мемлекеттік тілді, 1 топта 13 тыңдаушы ағылшын тілінде тіл үйренуде.

С.Жақсыпейілова,

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Өзге тілдің бәрін біл,

өз тіліңді құрметте

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Осыған орай,  Абылай хан атындағы мектеп-лицейінде тәрбие жұмы- сын ұйымдастырушы Аида Досбаеваның ұйымдасты- руымен тіл туралы жоспар бекітіліп, апталық  болып өтті. Жоспар бойынша апта бойы түрлі іс-шаралар өткізіліп, фейсбук парақшасына жүктеліп отырды. Тіл мерекесі қазақ әліпбиінің негізін қалаған қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы құрметіне ауыстырылғандықтан, А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған арнайы ашық тәрбие сағаты болып өтті. Жалпы жоспар мектептегі қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің бірігуі аясында өткендіктен, тартымды да қызықты іс-шаралар жүргізілді. Оқушылар журналист болып, мұғалімдерден тілге байланысты сұрақтарға жауап алса, енді бірі тіл туралы өлең оқытып, ұстаз бен шәкірт арасындағы жүрекке жылу ұялатар сезімді керемет көрсете білді.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», тақырыбында өткен тіл мерекесіне атсалысып, еңбектенген тіл бірлестік жетекшілері Г.Мейрамбекқызы мен Т.Алиеваларға көп алғыс білдіреміз. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен. Өзгенің құлы емес, өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық! -дейді Аида Досбаева.

Камели Сүлейменова,

 “Sarysý”

Тәуелсіздік-ұлт мұраты

Тәуелсіздік ел – қоғам байлығы, руханият нәрі, өмір мәні ақыл — парасат нұры…

Ұлттың ұлы байлығы, басты тұғыры-тіл.

Ақиқаты осылай болса да,Тіл төңірегінде алуан көзқарас, кереғар жайттар көп-ақ. Қазақы ұғым-түсінікке табан тіресек, әрбір ұлт, халықтың басты байлығы әрі ерекшелігі – Тіл емес пе?

«Сөзі жоғалған жұрттың  өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов  айтқандай, халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың  ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі,кестенің  бізі, Өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Қазақ тілінің жетістігі – өзге халықтардың  тілдерінің жетістігіндей бүкіл адамзатқа ортақ мән-мазмұндық байлықтың  бір бөлігі. Әлем халықтарының  бірде бірінің сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана қазақ тілінің мүмкіндіктері  арқылы нақтылы құбылыстарды танып-білуге болатын сөздер бар. Жалпы қазақ тілін дамыту дегеніміз гуманитарлық тұрғыдағы  қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөз. Өмірдің барлық белестерінде мейлі ол баланың  немесе дананың сөзі болсын, болмаса күнделікті өмірдің мамыражай тұрмысындағы сәттерден бастап философиялық тұрғыдан болсын бейнелеуде  әрбір халықтың тілі өзінше орамды.

Тіліміздің тағдыры – өзіміздің тағдырымыз . Оған салғырттық өзгені емес, өзімізді сыйламау.

Л.Шукеева, Сарысу орта мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.