ЖАМБЫЛДА КВИ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР САНЫ АЗАЮДА

0

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау  жұмыстары қарқынды жалғасуда. Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес 443114 жамбылдық екпе қабылдап үлгерген. Бұл жалпы жоспардағы 582 мың адамның 76,1 пайызын құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

—    Өңірімізде індет жұқтырғандардың көрсеткіші күн санап азайып келеді. Бүгінге дейін тіркелген науқастардың саны 19098-ді құраса, соңғы бір тәулікте 46 адам дерт жұқтырған. Коронавирусқа қарсы тұрудың ең тиімді жолы- вакцинация.  Біз әлі де болса жағдайды жақсарта түсу үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, қарқынды жұмыстарды жалғастыра түсу керекпіз,-деді аймақ басшысы.

Бұдан соң денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баяндама жасап, ағымдағы ахуалға жан-жақты тоқталып өтті. Оның айтуынша, жұқтырғандар азайып, жазылғандар көрсеткіші артуда. Соған сәйкес, инфекциялық төсек-орын саны 3500-ден 2284-ке дейін қысқарған. Олардың толу жүктемесі 38 пайызды құрайды, яғни, 871 науқас стационарларда ем алуда.

Вакцинация бойынша да тоқталған басқарма басшысы алдыңғы қатардағы көрсеткіштерге Мойынқұм, Меркі, Жуалы аудандары қол жеткізіп отырғанын тілге тиек етті. Ал, Тараз қаласы мен Қордай, Шу аудандарындағы жұмыстарды әлі күшейту керектігі айтылды.

Облыс әкімі вакцинамен қамтылу деңгейі төмен қала, аудан басшылықтарының, сондай-ақ, бірқатар емханалардың жұмысын сынға алып, жауаптарын тыңдады. Әсіресе, ауылдық округтер бұл мәселеге айрықша атсалысу қажеттігін атап өткен өңір басшысы қыркүйек айының соңына дейін екпе бойынша жоспарды толығымен орындауды тапсырды.

Бердібек Сапарбаев мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуын күшейтудің маңыздылығына назар аудартты. Оқушылар мен мұғалімдердің КВИ жұқтыру қауіптілігін төмендету, алдын-алу шараларын үздіксіз жүргізу секілді мәселелерге айрықша көңіл бөлді.

Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев сөз алып, әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

Басқарма басшысы жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары кестеге сәйкес атқарылып, облыстық штабтың тұрақты бақылауына алынғандығын атап өтті.

Нысандардың дайындық барысын зерделеу мақсатында штабтың мүшелерімен 2 жұмыс тобы құрылған.

— Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау үшін жергілікті штаб құрылған. Жауапты және штаб төрағасы ретінде аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары бекітілген.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 340 шақырым жылу желілері, 5 700 шақырым газ желілері, 13 400 шақырым электр желілері мен 5 300 шақырым ауыз су желілерінде дайындық жұмыстары толық аяқталды. Жалпы 387 денсаулық сақтау және 466 мәдениет саласы нысандары жылыту маусымына дайын, ал 782 білім нысанының 5-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді Қ.Қорғанбаев.

Ал, облыстағы 444 автономды қазандықтың дайындығы 98 пайызды құрайды десек, қалған 2 пайыз бойынша жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде екен.

— Қаржы қарастыру кезінде былтырғы кемшіліктер ескерілу керек. Әсіресе, бұл отынның сапасы мен бағасына қатысты. Әлеуметтік нысандар толығымен дайын болуы тиіс. Қажетті қатты отынның қорын қалыптастырыңыздар. Көпқабатты үйлер де барынша дайын болуы керек. Мектептердің бу қазандықтарын толығы-мен ауданның меншігіне өткізуді, газға ауыстыруды тездетіңіздер. Дебиторлық қарыздарды өтеу бойынша да тиісті шаралар қабылдаңыздар. Бұл мәселелерді апта сайын саралап отырыңыздар. 10 қазанға дейін жылыту маусымына 100 пайыз дайындықты қамтамасыз етуді тапсырамын,- деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

В регионе сокращается число инфицированных коронавирусом

В Жамбылской области продолжаются интенсивные работы по вакцинации. По состоянию на 14 сентября текущего года 443114 жамбылцев получили прививки, что составляет 76,1 процента от планового показателя 582 тысячи человек. Об этом шла речь на очередном аппаратном совещании под председательством акима области Бердибека Сапарбаева.

— С каждым днем число инфицированных коронавирусом идет на спад. Если до сегодняшнего дня было зарегистрировано 19098 больных, то за последние сутки заразились 46 человек. Самый эффективный способ борьбы с коронавирусом – вакцинация. Мы должны использовать все возможности, чтобы и дальше улучшать ситуацию, — подчеркнул глава региона.

Руководитель управления здравоохранения Асет Калиев сообщил, что количество инфицированных сокращается, а численность выздоравливающих растет. В связи с чем с 3500 до 2284 сократилось число инфекционных койко-мест. Нагрузка составляет 38 процентов, то есть 871 человек получает стационарное лечение.

Спикер отметил, что Мойынкумский, Меркенский, Жуалынский районы показы- вают лучшие результаты по вакцинации. Работы следует усилить в городе Таразе, Кордайском и Шуском районах.

Аким области подверг критике работу акиматов города Тараза и районов а также поликлиник с низким показателем вакцинации. Отметив необходимость в активизации работы акимов сельских округов, глава региона поручил выполнить план вакцинации до конца сентября.

Бердибек Сапарбаев обратил внимание на необходимость соблюдения санитарных требований в школах. По его словам, нужно усилить работу по снижению рисков инфицирования учеников и педагогов.

Затем руководитель област- ного управления энергетики и ЖКХ Кудайберген Корганбаев рассказал о готовности социаль- ных объектов к отопительному сезону. По его словам, подготовка к отопительному сезону осуществляется согласно графику и находится под контролем областного штаба.

Сформированы две рабочие группы, в состав которых вошли члены штаба, в целях изучения хода подготовки объектов.

— Постановлением акимов города Тараза и районов созданы штабы на местах для организации и контроля за работами по подготовке к отопительному сезону. Ответственными за работу и председателями штабов утверждены отраслевые заместители районных акимов. полностью завершены работы по подготовке 340 километров тепловых сетей, 5700 км газовых сетей, 13400 электросетей и 5300 км водопроводных сетей. 387 объектов здравоохранения и 466 объектов культуры готовы к отопительному сезону. В пяти из 782  учреждений образования осуществляется капитальный ремонт, — поделился К. Корганбаев.

Готовность 44 автономных котельных в области составляет 98 процентов, на местах проводятся работы по замене тепловых котлов на природный газ.

— Нужно учесть прошлогодние ошибки, особенно относительно качества и стоимости топлива. Социальные объекты должны быть подготовлены к сезону. Сформируйте запасы твердого топлива. Многоэтажные дома тоже должны быть готовы к приему тепловой энергии. Ускорьте работы по передаче школьных паровых котельных в собственность района и замене на газ. Примите соответствующие меры по погашению дебиторской задолженности. Анализируйте вопросы еженедельно. Поручаю обеспечить стопроцентную готовность к отопительному сезону до 10 октября, — подытожил аким области.

Пресс-служба акима области

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.