АРДАГЕРГЕ БАСПАНА кілті тапсырылды

0

Апта ішінде  аудан әкімі М.Сұлтанғалиев   Ұлы Отан соғысының ардагері Қабыл Ібіжановқа  4 шағынаудан, №15а үйден пәтер кілтін тапсырды.

Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев  жеңіс күні тарих төрінен орын алатын ұлы мереке екендігін, батыр аталарымыздың ерліктерінің арқасында  біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешіп жатқандығымызды айта келіп, бейбіт аспанымыздың  астында қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырғанымызды жеткізді. Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерімізді құттықтап, пәтер кілтін тапсырды. Өз кезегінде соғыс ардагері Қабыл Ібіжанов аудан басшысына көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Сәулет Есқараев,«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.