Б.САПАРБАЕВ: АУДАН ЖӘНЕ АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ВАКЦИНАЦИЯ МӘСЕЛЕСІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУЫ ТИІС

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, жалпыұлттық санаққа қатысты мәселелер талқыланды.

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1193-тен 626-ға дейін төмендеді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 1313 адам ем алуда, төсек-орын 37 пайызға толтырылған. Жансақтау бөлімінде 120 адам жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бүгінгі күнге дейін 403 516 жамбылдық немесе екпе алуға жататын жалпы жоспардағы тұрғындардың 69,5 пайызы вакцина қабылдағанын жеткізді. Төмен көрсеткіштер Тараз, Талас, Жуалы, Шу, Мойынқұм аудандарында тіркелуде.

Аймақ басшысы вакцинациялау нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

— Неліктен біздің өңірде вакцинация көрсеткіші төмен? Аудан әкімдері бұл мәселені жеке өздері, тұрақты түрде бақылауға алуы тиіс. Дәл қазір вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Бұл орайда ауыл әкімдерімен тығыз жұмыс жасау қажет. Олар күн сайын екпе алғандардың саны туралы жаңа мәліметтер беріп отыруы керек. Әкімдер бұл істе ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттерін барынша таныта түскені абзал. Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар өздеріне артылған сенімді ақтауы, үйлестірушілік қабілеттерін көрсетуі тиіс. Вакцинация халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және инфекцияның одан әрі таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Дәл осы фактор пандемиямен күресте аса маңызды, — деді облыс әкімі.

Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жалпыұлттық халық санағын өткізу жайы қаралды.

Бірінші қыркүйекте Қазақстанда ұлттық халық санағы басталды. Ол «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтуде. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-режимде тіркелуге болады. Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев 6 қыркүйектегі деректер бойынша 18240 жамбылдық онлайн-сауалнамадан өткенін хабарлады.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға интервьюерлердің қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін шешу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Б.Сапарбаев: Акимам районов и сёл нужно ответственно подойти к вопросу вакцинации

На очередном аппаратном совещании под председательством акима Жамбылской области Бердибека Сапарбаева обсудили санитарно- эпидемиологическую ситуацию в регионе, вопросы, связанные с проведением национальной переписи населения.

За последние две недели количество заболевших коронавирусом снизилось с 1193 до 626. В инфекционных стационарах сейчас получают лечение 1313 человек, койки заполнены на 37 процентов. В реанимации находится 120 человек.

Руководитель управления здравоохра- нения Асет Калиев сообщил, что на сегодняшний день привиты 403516 жамбылцев, или 69,5 процента от подлежащих вакцинации граждан. Хуже всего дела обстоят в Таразе, Таласском, Жуалынском, Шуском, Мойынкумском районах.

Глава региона выразил недовольство результатами вакцинации.

— Почему в нашем регионе низкие показатели по вакцинации? Акимы районов должны взять этот вопрос на личный, постоянный контроль.  Сейчас то самое время, когда нужно ответственно подойти к вопросу вакцинации. Следует в этом направлении более тесно работать с сельскими акимами. Они должны ежедневно предоставлять новые данные о количестве вакцинированных. Акимам здесь необходимо проявить деловую хватку. Большая ответственность возлагается на избранных народом акимов. Они должны оправдать возложенное на них доверие, проявить свои организаторские способности. Вакцинация позволит сформировать коллективный иммунитет у населения и ограничить дальнейшее распространение инфекции. Именно этот фактор является весьма важным в борьбе с пандемией, — сказал аким области.

Второй вопрос, который рассматривали на совещании, — проведение национальной переписи населения.

Первого сентября в Казахстане стартовала всеобщая национальная перепись населения. Она проходит под девизом «В Казахстане каждый важен!». С 1 сентября по 15 октября перепись населения можно пройти в онлайн-режиме на сайте sanaq.gov. kz. Руководитель департамента статистики Сырым Мадиев сообщил, что по данным на 6 сентября онлайн-опрос прошли 18240 жамбылцев.

Аким области дал ряд поручений по решению вопроса бесплатного проезда интервьюеров в общественном транспорте, усилению разъяснительной работы среди населения.

Пресс-служба акима Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.