ҚАУЫН-ҚАҚ цехы ашылды

0

Кәсібін ашып, шаруашылығын дамытуға ауылдағы ағайын бүгінде белсене кіріскен.

Кәсібін жаңа ашқан азаматтар мелекеттік қолдауды айқын сезініп шарапатын көруде.

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып  қаламызда, ауылдық округтерде өндірістік цехтар ашылуда.

Мереке қарсаңында Тоғыз- кент ауылында ешқандай минералдық қоспасыз өсірілген табиғи таза қауыннан «Қауын- қақ» кептірілген қауын өңдейтін кәсіпкерлік нысанның ашылу рәсімі өтті.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған Тоғызкент ауылының тұрғыны,  «Байсейт-Ата» шаруа қожалығының төрағасы Божбанова Ләззат Омарбекқызы «Қауын-қақ» кептірілген қауын өңдейтін цехты іске қосты.

Аталмыш шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып құттықтау сөз сөйледі.

— Ауданымызда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, «зәкірлік» жобалар қолға алынған болатын. Сол жобалардың бірі ретінде осы кәсіпкерлік нысанды ашқалы тұрмыз. Бұл заманауи құралдармен жабдықталған «Қауын-қақ» кептірілген қауын өңдейтін цех өндірістік процестерді басқарудың тиімділігін арттырып, мол өнім шығарып, табысқа жетелейді деген сенімдеміз, — деді.

Бұдан кейін сөз алған ауыл қариясы Тайменов Шейірбек жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

«Байсейт-Ата» шаруа қожалығының төрағасы Л.Божбанова өз сөзінде:

-«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде  грант жеңіп алдым. Сөйтіп «Қауын-қақ» цехын ашуға ниет еттім. Қауын қақты кептіретін, сыртқы қаптамға салатын арнайы заманауи апарат сатып алдым. Цехта өндірілген өнімдерді Нұр-Сұлтан, Тараз, ауданымыздың тұрғындарына тиімді бағада өткіземіз. Алдағы жоспарымыз цехты үлкейтіп, шет мемлекеттерге өндірілген өнімді сатылымға шығарсақ деген ойымызда бар,-деді.

С.Есқараев,«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.