Жаңа спорт алаңы

0

Байқадам ауылдық округі, Саудакент ауылында  спорттық жаңа алаңша ашылды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, ауыл ақсақалы М.Мизенбаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келетіндігін, біздің ауданда да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.  Сонымен қатар жыл сайын денешынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығаюда. Заман талабына сай бұл сеткалы футбол алаңшасы ауыл балаларының спортпен айналысуына кең мүмкіндік беретіндігін, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізері сөзсіз екенін жеткізді.

Сондай-ақ салтанатты ашылу лентасын аудан әкім және ауыл ақсақалдары қиды. Сонымен қатар, ауыл жастары арасындағы кіші футболдан өтетін жарыспен жалғасты.

Іс-шара санитарлық сақтық шараларды сақтай отырып өткізілді.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.