Турнир өз деңгейінде өтті

0

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен конституция күніне орай ауданда спорттық іс- шаралар, соның ішінде шағын футболдан жарыс өтті. Ойынға бес команда қатысты. Байқадам, Жаңаталап ауылдық округінің спорт сүйер спортшылары,  „Еврохим” компаниясының, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің  және Жаңатас қаласы спорт кешенінің ойыншылары қатысты.

Жарыс алдында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев жарысқа қатысушыларды құттықтап,  табыс тіледі. Аудан басшысы өз сөзінде бастысы жеңіске жету емес, спортты сүйе білуде екенін тілге тиек етті.

Жарыс нәтижесінде жүлделі 1-ші орынды «ЕвроХим» компаниясы иеленсе, 2-ші орынға аудандық спорт кешенінің спортшылары қол жеткізді. Ал, 3-ші орынды «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің спортшылары қанжығаларына байлап қайтты.

Сондай-ақ, ойын барысында өзін көрсете білген үздік ойыншы Айтбек Чужбеков, үздік қақпашы Азамат Ақмолда және үздік шабуылшы Нұржан Байдалиев атанды.

Жеңіске жеткен спортшылар мен командаларды спортшы ардагер Болат Өтешев пен аудандық спорт кешенінің директоры Серік Ниязов марапаттады.

Гүлнара Байбосынова,
«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.