Ата Заңымыз асқақтай берсін

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты, ұлық мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Конституция – елдің қоғамдық және экономикалық құрылымын, басқару нысанын және мемлекеттік құрылымын ұйымдастыруын, сайлау жүйесін белгілейтін мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. Қоғамдық дамудың негізгі салаларында мемлекеттік реттеудің сипатын, мемлекет пен азамат арасындағы өзара қатынастарды белгілейді.

Республикамыздың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның рөлі зор, халықтың бірлігін белгіледі, ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлттарды Қазақстан жерінде біріктірді. Татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Бүгінде олар достық туын жоғары көтере біліп, Қазақстан мемлекетінің экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді.

Мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел ретінде орнығу талпыныстарының барлығы Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Конституция барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

Мемлекет деңгейіндегі тірліктер мен қатар, ауданымызда бірқатар жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық дамуда түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс салалары дамып, өңірімізде жол салу және оларды қалпына келтіру, тұрғындарды ауыз сумен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңде қазақ елінің бірден бір мызғымас бірлігінің символы және оның заңдық тұрғыдан алғандағы құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр. Қазақстанның әр азаматы елдің рәміздері мен бірге Конституциясын да ардақтап, қастерлеуі тиіс.

Қымбатты жерлестер!

Осынау мәні терең мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тiлеймiн. Аспанымыз ашық, іргеміз бүтін, бірлігіміз берік болсын!

А.Сейналиев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.