ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ КЕРЕК

0

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

Бүгінде ауданда 12 686 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар. Оның 242-сі өзге ұлт өкілдері. Бүгінгі күнге дейін жасөспірімдер арасында ұлт- аралық қақтығыстар орын алған жоқ.

Жыл басынан бері комиссияның 12 отырысы өткізіліп, 8 қаулы, 10 хаттама қабылданды.

Нәтижесінде, 1 бала арнайы мектепке, 7 бала жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жолданды.

Аудандық полиция бөлімінде 1 бала профилактикалық есепке, 6 бала тізімдік есепке алынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны 3-тен 1-ге дейін төмендеді және суицид фактілері орын алған жоқ. Ал, жасөспірімдерге қатысты қылмыс саны 1-ден 4-ке дейін көбейіп отыр.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 712 дана бейне бақылау камералары орнатылған.

Жыл басынан ауданда 154 түңгі рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 182 әкімшілік-хаттама толтырылды.

Отбасылық тәрбие мәселесі жөнінде ата- аналар үшін 27 мектеп, 3 колледжде 89 семинар ұйымдастырылды. Оған қоса, аудан прокуратурасы мен комиссия тарапынан барлық білім беру мекемелерінде ата-аналармен оффлайн кездесулер өтті. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанынан комиссияның арнайы колл орталығы құрылды. Бүгінде колл орталыққа 20-дан астам хабарлама келіп түсті. Ата-аналар тарапынан негізгі сұрақтар мектеп жанындағы лагерлер және ыстық тамаққа қатысты болды. Шағымдар түскен жоқ.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен спирттік ішімдік ішу және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салыну туралы аудандағы барлық елді мекендерде орналасқан азық- түлік дүкендеріне, ойын-сауық орталықтарына және білім беру ұйымдарына 500-ден астам  ақпараттық жадынамалар ілінді.

Жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстық орындары (бос қалған көпқабатты үйлер, парктер, скверлер, қараңғы қуыс көшелер) анықталып, тізімі әзірленді. Оларды қайта қалпына келтіру мәселесі бойынша жергілікті әкімдіктерге және құзырлы мемлекеттік органдарға ескертілді. Нәтижесінде, Жаңатас қаласында 5 мектепке барар жолдар жарықтандырылды.  Бос тұрған 6 көпқабатты тұрғын үйдің 1-қабаттары толығымен жабылды.

Барлық білім беру мекемелерінде жасөспірімдерге жол ережелері, өрт қауіпсіздігі, суға шомылу ережелері туралы тренингтер ұйымдастырылды.

Аудандағы су айдындарына ескерту тақтайшалары орнатылды. Өкінішке орай, жыл басында орын алған пәтердегі өрт кезінде 5 бала көз жұмды.

Бүгінде, демеушілер тарапынан жалпы сомасы 13 млн. теңгеге түрлі көмектер көрсетілді. Және комиссия тарапынан аудандағы ата-аналары бірдей жұмыс жасайтын отбасылардың тізімі жасақталып, бақылауға алынды.

Әлеуметтік қамсыздандыру бағытында еріктілердің көмегімен түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасындағы 297 және мүмкіндігі шектеулі 18 балаға жалпы соммасы 1 млн. 126 мың теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, комиссия тарапынан жайсыз отбасы санатындағы балалардың жағдайлары тұрақты түрде зерделеніп келеді.

Жыл басынан бері, 9 баланы қоғамдық шараларға белсенді қатыстырудамыз.

Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Н.Нұралиев,

аудан әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.