Кәсіптің көзін тапқан отбасы

0

Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілетін маңғаз жануардың қадірін ата-бабаларымыз  білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен табиғи жайылымда тез үйреніседі. Әрі оның сүті мен шұбаты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. 

бүгінде салт-дәстүрімізді жалғастырып, ұлттық сусынымыз шұбат өндіріп, отырған жайылмалық  Үміт Қауқаева апайдың шұбаты бал татыған, шөлдеген адамның шөлін басып, аузынан дәмі кетпейді. Үміт апайымыздың үйіне барғанымызда түйелерін сауып, шұбат аштып жатыр екен.

-Түйенің пайдалы жақтары көп қой. Бір ғана сусынының өзі неге тұрады. Түрлі ауруларға мыңнан бір ем. Көптеген адамдар әрі тағам, әрі киімге шикізат, дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен күнге ғалымдарды таңғалдыруда.

Түйе — төрт түлік малдың бірегейі. Денелі, шөлге шыдамды. Күшіне, төзімділігіне қарай халық оны «Қара жердің кемесі» деп те атайды. Шұбатты сатуда қиындық жоқ. Ауыл тұрғындары жиі алады. Сондай- ақ ауыл-аймақтардан және Тараз қаласынан да тұрғындар шұбатқа тапсырыс беріп жатады. Негізінен 3 түйені  үш мезгіл сауамын. Шұбаттың  1 литрі 800 теңге. Екі күнде бір 10-15 литірін өткіземін. Сондай-ақ түйе жүнінен көрпе, кеудеше,  шұлық тоқимын. Шұбатты түрлі аурулардың алдын-алу үшін де қолданады. Жолдасым Нұрғали Шакиров  осы түйелердің жем-шөбін беріп, бағып қарайды. Отағасымның  арқасында шұбат ашытып, балаларымның нәпақасын тауып отырмын. Қазіргі таңда шұбатты ауыл тұрғындарына, Тараз қаласына өткізіп жатырмыз.  Сұраныс көп,  — деді  Үміт Қауқаева

Иә, бақытын  еңбектен тапқан, бүгінгі таңда істің қиюын келтіріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған  отбасына өз ризашылығымызды білдіріп, еңбегіне табыс тіледік.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.