ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

0

Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы Расул Медетов  ауданымызға  жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев  мәдени-әлеуметтік нысандардың, өнеркәсіп және коммуналдық кәсіпорындарының  жұмыстарымен  таныстырды. Ең әуелі Игілік ауылдық округіне қарасты Игілік ауылындағы «Игілік-Өндіріс» ауыз су жүйесіне барды.

Аудан әкімінің орынбасары  Е.Имашев сөз алып  су жүйесінде атқарылған жұмыстарды баяндады. ауыз су  құрылысы 2019 жылдың  шілде айында басталып, 2020 жылдың қазан айында бітті. Бас мердігер  «Шаңырақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Су құбырының ұзындығы 30, 7 шақырым, ұңғыма 5 дана, 110 метірден су шықты. Ауылдың  халық саны 2530 адам,  жалпы 435 аула сумен қамтылғандығын, су құбырларын әр үйдің ауласына дейін толығымен тартылғандығын, ары қарай  жеке тұрғындар үй-үйлеріне су есептегіш құралдарымен кіргізіп жатқандығын жеткізді. Облыс әкімінің аппарат басшысы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту қажет екенін тілге тиек етті.

Одан кейін облыс әкімінің аппарат басшысы Шоқай датқа атындағы орта мектебінің жәй- күйімен танысты.

Мектеп директоры А.Миллионовтың  айтуынша мектепке 2007 жылы  күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген. 380 оқушыға арналып салынған мектепте оқу кабинеті 19, асхана 1, шеберхана 3, мұғалімдер бөлмесі 1, медбике кабинеті 1, компьютерлер саны 83, ақылы кабинеттер саны 15. Жалпы 1-11 сынып оқушы саны 302, мұғалімдер саны 57. 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ қортындысы бойынша 82, 5 пайызды құрап отырғанын жеткізіп, мектепке толығымен бақылау камерасы орнатылған. Қазіргі   таңда   мектепте жазғы демалыста әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілгенін айтты. Облыс әкімінің аппарат басшысы мектеп директорына қарата айтып, қазіргі әлемді жайлаған індетпен күрес баршамыздың міндетіміз екенін, санитарлық сақтық шараларды қатаң сақтау керектігін ескертті. Оқушылардың білім сапасын жақсарту жолында аянбай қызмет етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Саудакент ауылындағы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында  пайдалануға берілген екі қабаттан тұратын спорттық –сауықтыру кешеніне барды.  Облыс әкімінің аппарат башысы Р.Медетов мұндай спорттық-сауықтыру кешені жастарымыздың жолдарынан жаңылмай, жат қылықтарға бой бермеуіне ықпал етеді деген сенімдігін, бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге жасалған қадам екендігін, бұл игі бастама  — салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын көбейтуге оң серпін беретіндігіне сенім білдіріп, жастарды сергек болуға шақырды.

Айта кететін жайт спорттық- сауықтыру кешенінде қазақша, грек-рим күресі, каратэ, дзю-до, футбол үйірмелері де бар. Алыс жақын маңайдағы ауылдардан келіп түрлі спорттық шараларға қатысуға зор мүмкіндік бар. Қуантарлығы бұл жерде енді аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Жалпы  ауданымызда   спортық кешен 2, үлкен стадион  1, футбол алаңы  28, спорт зал 30, спорт алаңша  110, ыңғайластырылған спорт 13 нысандар бар.

Ауданымызда спорт саласы  дұрыс жолға қойылғанын,  спортшыларының жетістіктерін көрген  облыстық аппарат башысы еліміздің және облысымыздың намысын қорғайтын спортшылар шығады деген сенімін білдірді.

Сонымен қатар округ орталы- ғында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің құрылысымен және Ынталы су қоймасының жай-күйін көрді.

 Одан кейін қаламыздағы  аумағы 4 га құрайтын  «Асыл тұз» тұз шығаратын  зауытқа ат басын тіреді.

«Асыл тұз» компания- сының директоры Әділбек Ақназаров зауыттың  жұмысын таныстырып шықты:

— Зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдар- ламасы мен Қазақстан Республикасын индус- триялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла- масы аясында салынды. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Болашақта жұмыс орындарын үш есе арту жоспарда бар.

Тұз өндірісінің бір жылдық потен- циалы шамамен 50 мың тоннаны құрайды. Өндіріс кезінде тұзға йод қосылады. Ол тұтынушылардың денсаулығына зор пайдасын тигізіп, йод тапшылығының алдын алады.

Зауытта барлық техникалық және логистикалық жүйе қамтылған. Бір ауысым кезінде 30 тонна килограмдық тұз бен 40 тонна ыдыстағы тұзды шығаруға болады. Бүгінде «Асыл тұз» өнімі Шу, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Семей, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларына жөнелтіледі. Ай сайын 800 тоннадан аса тұз жіберіледі. Сондай-ақ, Қырғызстан еліне де экспорт жөнелтіледі. Болашақта Ресей мен Қытай елдеріне де жіберу жоспарлануда,-деді.

«Асыл тұз» зауытында барлығы автоматтандырылған. Жұмыс жеңіл болу үшін Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылды. Өндіріс орынының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар.

Әрі қарай, Жаңатас қаласында қайта жаңғыртылып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Р.Медетов құрылыс жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүргізу керектігін ескертті.

Тілге тиек етейік  Қазіргі таңда пәтер кезегінде 1676 азамат тіркелген. 2007-2020 жылдар аралығында Жаңатас қаласында 14 көпқабатты тұрғын үй, пайдалануға берілген.  Бұл жұмыстар 2021 жылы да өз жалғасын тауып, 3 көпқабатты тұрғын үй жалпы  қайта жаңғырту құрылысы жүргізілуде.  Аталған үйлер кезекте тұрған отбасыларға пайдалануға берілетін болады.

Одан кейін  Р.Медетов Жаңатас қаласындағы орталық жылу қазандығы,  «ЕвроХим» ЖШС,  «Жаңатас» жел электр станциясының жұмысын көрді.

Жамбыл облыс әкімінің апарат басшысының аудандағы жұмыс сапары аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив жиынында түйінделді. 

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.