Аудан әкімі М.Сұлтанєалиевтің 12 тамыз — Халықаралы жастар күнімен құттықтауы

0

Құрметті жастар!

Баршаңызды, айтулы мерекелеріңіз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Ел ертеңі — жастар» — дейді дана бабаларымыз.

Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастар болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.

Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады.

Біздің ауданда 10 мыңға жуық жас тұрады. Мұнда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда және насихаттауда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызмет атқаруда.

Құрметті жас достар!

Баршаңызға мықты денсаулық пен сәттілік, жоғары кәсіби  біліктілік және еңбектеріңізге жаңа табыстар тілеймін!  

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.