2021 ЖЫЛДЫҢ 01 ШІЛДЕСІНЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 1 982 отбасына  (10 349 адам) тағайындалды. Оның ішінен (Жаңатас қаласы-1 271, ауыл-711)

2020 жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 754 отбасының құжаттары қабылданды. Оның ішінен 684 отбасына (3 634 адам) тағайындалды. (Жаңатас қаласы-532, ауыл-152)

2021 жылға жоспар 868 отбасы (5 747 адам) бөлінген қаржы 561613,0 теңге. 2021 жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 691 отбасының құжаттары қабылданды. Жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек 481 отбасына (2 429 адам)  тағайындалды (Жаңатас қаласы-372, ауыл-109) және 210 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асуына байланысты немесе учаскелік комиссияның акт қорытындысына сәйкес тағайындалмаған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 364 отбасы (1 960 адам) және шартсыз ақшалай көмек 117 отбасына  (469 адам) тағайындалды.

Шартты  ақшалай  көмек  алушы-лардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар 99 адам, атап айтсақ:

— Тұрақты жұмысқа орналасқандар        —  11;

— Қоғамдық жұмысқа тартылғандар                                     —  13;

— Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар —  1;

— Мемлекеттік грант алғандар — 74;

— Жастар практикасына  — 0 ;

— Кәсіптік оқу               — 0

Бүгінгі таңға электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы  507 отбасынан өтініш түсті, оның ішінен 402 өтініш тіркелді, қайтарылғаны 80 отбасы. 25 отбасы қаралуда.

Қала және ауылдық округте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған  отбасыларының бөлініс кестесі бойынша:

Ауылдық округ атаулары 2019 жылы тағайындалғандар 2020 жылы тағайындалғандар 2021 жылдың 01 шілдесіне тағайындалғандар
1 Жаңатас 1 271 532 372
2 Байқадам 220 36 23
3 Жайылма 126 27 14
4 Жаңаталап 74 11 9
5 Жаңаарық 57 11 3
6 Түркістан 79 24 20
7 Тоғызкент 36 8  12
8 Досбол 10 7 4
9 Қамқалы 2 6 5
10 Игілік 107 22 19
Барлығы: 1 982 684 481

Leave A Reply

Your email address will not be published.