Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларына арналған жаңалықтар

0

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыстың жаңа функционалын іске асырды.

Осы функционал Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІБТ) жария секторының модулі болып табылады және әкімшілік процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған.

Осы қосымшаның көмегімен қатысушылар әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды тікелей оны қараған органға жібере  алады  және оған уақтылы жауап алады. Ол үшін Qamqor.gov.kz  ақпараттық сервисінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағым жасау» қосымша бетін таңдау қажет.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 826-1-бабы тәртібінде шағымды процеске қатысушы ғана өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен авторландыру арқылы бере алады.

Шағымның мәнін баяндаумен қатар іс бойынша растайтын құжаттарды бекіту мүмкіндігі бар.

Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне түседі. Шағымды  қарау  нәтижесі өтініш берушінің e-mail поштасына электрондық хатпен жолданады.

Әкімшілік іс бойынша қаулыға және айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға берілетін шағымдарды қарау  тәртібі ӘҚБтК-нің 826-2,  826-3,  826- 4, 826-5-баптарымен реттеледі.

Сонымен қатар бұл жүйеде авторландыру, шағымдану және шағымның жүйедегі мәртебесін қарау бойынша қолданушыға арналған нұсқаулық бар.

 

«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен «Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есептері бойынша мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тасталды.

Тізілімнен алып тастауға азаматтардың 15 минут ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта оларды алу процесін автоматтандыру негіз болып табылады.

Осыған байланысты, e.gov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы жеке тұлғаларға анықтама алуға мүмкіндік қарастырылды.

Бұл ретте анықтаманы алу үшін e.gov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталының басты бетіндегі «Құқықтық көмек» батырмасын басу арқылы «Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтер беру» батырмасын басу арқылы электрондық форматта жеке тұлғалар анықтама ала алады.

Ернар Дауитов, Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің  Жамбыл облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы  құқықтық ақпаратты қалыптастыру  бөлімінің аға прокуроры

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.