ДОСБОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАР

0

Досбол ауылдық округі әкіміне кандидат

«Nur Otan» партиясынан үміткер

 МОЛДАБЕКОВ НҰРЛАН ОҢҒАРБЕКҰЛЫНЫҢ

сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Досбол ауылдық округінің  сайлаушылары!

Мен, Нұрлан Молдабеков Сарысу ауданы, Маятас ауылында туып-өстім.

Бала кезден ата-анам мені адалдыққа, еңбексүйгіштікке, туған жерді сүюге үйретті. Қазір біз жұбайымыз екеуміз балаларымызға осындай құндылықтарды сіңіруге тырысудамыз..

Жоғары оқу орнын аяқтаған соң ауылыма келіп, қызмет етіп, ауылымның дамуына үлес қосуға бел будым.

Еңбек жолымды Жайылма ауылдық округінде бас маман болып бастап, кейін Сарысу ауданы әкімдігінің персоналды басқару бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқардым.

2017 жылдан бастап, Досбол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.

Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жолдардың нашарлығы, ауыз су, газ мәселесі бәрімізді толғандырады.

Мен осы мәселелерді шешудің тетіктерін қарастырып, ауыл өмірін жақсарту үшін қызмет еткім келеді. Бұл үшін маған Сіздердің қолдауларыңыз керек!

Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар,               

алдағы 4 жылда УӘДЕ БЕРЕМІН:

 

—      2022 жылы Шағалалы, Көкдала ауылдарына интернет желісін орнатуға ықпал етемін.

—      2022 жылға дейін Үлкен Көкдала ауылына түнгі көше жарықтарын орнатуға ықпал етемін.

—      2023 жылға дейін Шағалалы ауылына газ құбырын, ауыз су жүйесін тарту бойынша жұмыс атқарамын.

 

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан    қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.

 

—      2022 жылы балаларымыздың салауатты өмір сүруі  үшін спорт нысандарын соғуға;

—      2023 жылға дейін Досбол-Үлкен Көкдала бағытындағы 25 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуден өтуіне күш жұмсаймын.

 

күшімді саламын.

—      Ауылдық округ тұрғындарының салауатты өмір салты мен мәдени демалысын қолдауға;

—      Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруды ұлғайту, бюджеттік және төлем тәртібін қатаң сақтау бойынша жұмыстар жүргізуге

үлесімді қосамын.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарының ақысы төленген

 

 

Досбол ауылдық округі әкіміне кандидат

Қазыбеков Ғани Оралбайұлының

сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Досбол ауылдық округінің  сайлаушылары!

Ғани Оралбайұлы 1974 жылы 28 тамызда  Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

1992 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын «дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша бітіріп, «дене тәрбиелеу мәдениеті мұғалімі», «спорт жаттықтырушысы» дәрежесі берілген.

ҚР чемпионы.

ҚР спорт шебері.

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы Сарысу ауданы Досбол ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде ұсынды.

Құрметті Досбол ауылдық округінің сайлаушылары!

Халықпен араласып жүргендіктен олардың мұң- мұқтажын білемін. Ауыл тұрғындарына тұрғын-үй салуға қажетті жер телімі мен аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тұрғын-үй тапшылығы мен жайылым жердің мәселесі бәрімізді де толғандырады.

Мен осы мәселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда мынадай бағытта жұмыстар атқарамын:

—        Аудан әкімдігі және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ел игілігі үшін ортақ мәселелерді шешуге күш саламын.

—        Округтегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуын назарда ұстау.

— Жастар саясатын жүйелі жүргізу, ауыл деңгейінде түрлі мәдени-спорттық шаралардың тұрақты өткізіліп тұруын қамтамасыз ету.

—        Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәртіпсіздіктің алдын-алу, округ аумағында санитарлық – тазалықтың сақталуын үнемі назарда ұстау.

—        Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау.

—        Міндетті салық төлемдерінің мерзімінде жиналуын және оның түсімін ұлғайту жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыру және оны игеруде ауылдың басты түйткіл мәселелерді шешуде қоғамдастық кеңес өкілдерімен бірлесе отырып, ортақ шешім  қабылдау.

—        Шағын кәсіпкерлікті дамытып, кең қанат жаюына ықпал ету.

—        Ауылдық округтің даму жоспарына сәйкес инфрақұрылымдар қалыптастыру, ауыл көшелерінің жарықтануына және қатты төсеммен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.

—        Округ халқын ауызбіршілік пен татулыққа шақыра отырып, ынтымағын нығайтуға күшімді саламын;

—        Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;

—      Ауылдан шыққан танымал тұлғалар- дың мәдени-рухани мұрасын насихаттауға;

—        Өз еліме қызмет ете отырып, бар мүмкіндігімді пайдаланып, халық игілігін арттыруға барлық күш-жігерімді жұмсауға.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарының ақысы төленген

 

Өзін-өзі ұсынған Досбол ауылдық округі әкіміне кандидат

Құрманбеков Бауыржан Пермебаевичтің

сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Досбол ауылдық округінің  сайлаушылары!

Б.Құрманбеков 1985 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

2018 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітіріп, «қаржы бакалавры»  дәрежесі берілген.

Сарысу ауданы Досбол ауылдық округінің әкімдігіне кандидат ретінде өзін-өзі ұсынды.

Құрметті жерлестер, ауыл тұрғындары!

Егер мен Досбол ауылдық округінің әкімі қызметіне қолдасыңыздар, төмендегі мәселелерді шешу үшін өз шама-шарқым мен білімімді жұмсаймын деп сендіремін.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатын жүзеге асыра отырып, ауданымыздың әлеуметтік — экономикалық жағдайын көтеру, соның ішінде ауылымыздың экономикасын көтеруге баса назар аударуға, сондай-ақ әрбір отбасының мұқтаждығы мен өтініштеріне дер кезінде көңіл бөліп, пікірлерімен ақылдасып, мүмкіндігінше оң шешілуіне ықпал етемін.

Ауылдың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының, көпбалалы аналардың мұқтаждықтарын назарға алып, шешімін табуына, балалар тәрбиесіне, білім және денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың дамуына өз шеңберімде ықпалдасамын. Ауыл жастарының бос уақыттарын мәдени қоғамдық жұмыстармен, спортпен шұғылдануына, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту үшін жұмыс көздерін анықтау бағытында жұмыстарды қарастырамын.

Ауыл шаруашылық саласын көтеру мақсатында қабылданған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс», «Агробизнес-2020» бағдарламалары аясында тиісті жұмыстар жүргіземін.

Елдімекенді абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық, ауылдың көше тазалығына, күл-қоқыстарды арнайы тиісті орындарға шығару, санитарлық-тазалық нормаларын сақтауды ұйымдастырамын.

Жалғызбасты зейнеткерлерге, еңбек ардагелеріне, мүгедектерге жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілерді ұйымдастырып, әлеуметтік көмектер көрсетуге ықпал етемін.

Ақсақалдар алқасы, қоғамдық кеңес және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етемін.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарының ақысы төленген

Leave A Reply

Your email address will not be published.