Лотерея ойындарына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

0

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2016 жылдың 9 сәуір айында «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Заңның 5-бабына сәйкес, Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне, сондай-ақ Заңда көзделмеген басқа лотереяларды өткізуіне тыйым салынады. Лотерея атын жамылып, құмар ойындарын жүргізуге жол берілмейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап лотерея операторының рұқсаты бар жағдайларды қоспағанда, барлық лотереялық терминалдардың (сары-жасыл аппараттар) қызметіне тыйым салынатындығын айқындайды.

Лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырылуын, лотерея терминалдарының адамдар көп жиналатын жерлерде орналасу орындарын болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатта аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы бойынша ЭТТД Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Данияр Талғатұлы Темірбековтің төрағалық етуімен жиын болып өтті.

Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің бас мамандары, «Жастар ресурстық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жадыра Жұмағұл және жастар істері жөніндегі инспекторы Бауыржан Балғабай және аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Жалғас Ерубаев және учаскелік полиция инспекторлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев, аудандық коғамдық кеңестің төрағасы Жақсыбек Даулетбаевтар қатысты.

Күн тәртібіндегі ЭТТД-нің қызметкерлерінің қатысуымен, лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырылуын, лотерея терминалдарының адамдар көп жиналатын жерлерде орналасу орындарын болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша Темірбеков Данияр сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде 2016 жылдың 9 сәуір айында «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес, Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне, сондай-ақ Заңда көзделмеген басқа лотереяларды өткізуіне тыйым салынады. Лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және бас тігуді жүргізуге жол берілмейтіндігін айтып өтті.

Ал, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Күзекбаева ауданның имамдары тұрғындарға құмар ойынның жетегіне кету түбі жақсылыққа апармайтындығы туралы насихат жүргізілсе десе,  аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Советов ауданның кәсіпкерлеріне тұрғын-жайларды жалға беріп, Заңда көзделмеген басқа лотереяларды өткізуіне тыйым салу керектігін және құмар ойындарының қаншалықты зиян екендігі жайлы айтып өтті.

Дәмелі Мұқанқызы, “Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.