ӨНДІРІСТЕГІ ЖАС МАМАН

0

Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың болашағын нығайтатын өскелең ұрпақ. Келешектің көшін бастаушы. Осындай жас маман  кәсібін өндірістен тапқан Сапарбекова Жанат Ерболатқызы десек артық айтқандық емес.  Бүгінде «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нде Логистика және Сату бөлімінің жетекші маманы. Жас та болса бас бола білетін білікті маман иесі.

Жанат 2012 жылы Тынышпаев атындағы ҚазАТК-ға, логистика және менеджмент факультетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын жақсы деген дипломмен аяқтайды. Әрдайым адамға жаңа білімнің пайдалы екенін айтып жүретін Жанат 2016 жылы оқуды аяқтай салысымен Тараз инновациялық-гуманитарлық-универсиетінің Заң факультетіне түсуге шешім қабылдап, оны да жақсы аяқтап шығады.

Бүгінде «ЕвроХимге» жұмысқа орналасып, осы компанияның арқасында қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп келдеді.

Еңбекқор, зерек  Жанат бастапқыда, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-не темір жол учаскесіне жүк пен багажды қабылдаушы ретінде жұмысқа қабылданып,  үш айдан соң  логистика және сату бөлімінің жетекші маманы ретінде бұйрық шығып, қабылданды.

Жанат өзінің қызығушылығымен интернет желісіндегі психологиялық марафонға көзі түседі. Өз ұсынысын білдіреді. Корпоративтік университеттің марафонына шақыруын көріп, өзінің жеке шешімімен бұл марафонға қатысуға бел байлайды. Өйткені марафон оның әлсіздігіне жаңа қуат керек болған кезеңіне тап келді.

Жанаттың айтуынша: -Марафон барысында көптеген қызықты ақпарат алдым және практикалық жаттығуларға қатыстым. Сондай-ақ, күнделікті өмірде септігі тиетін тиімді ұсыныстар алдым. Өте маңызды тақырыптар қозғалды, мысалға, адамның қабілеті, түңілістен қалай құтылу, өміріңіздегі жаупкершіліктерді қалай тиімді бөліп атқару, өз ішіңізде үйлесімділік құру және тағы басқа да қызықты тақырыптарды меңгердім.

Марафонның арқасында өзімді апта соңында жігерлі және соншалықты шаршаңқы сезінбеуді, апта соңына көбірек іс атқаруға қуат қалдыруды үйрендім. Күделікті күн тәртібін сақтай отырып және апта іші немесе жұмыс уақытындағы жоспарларымды уақытылы орындай отырып белсенді демалысқа  уақытым және күш-жігерім қалатындығын айқын сезіндім.

Компания жұмысшыларының мамандық дамуымен қатар рухани дамуына да көңіл бөлгеніне өте қуаныштымын. Осы секілді қызықты және тиімді бағдарламалар, жобалар көбірек өтуі керек деп санаймын,-деді.

Жас талантты Жанат компания қызметкерлері арасында да осындай марафон ұйымдастырды.  Онда қызметкерлер төрт апта бойы түрлі тәжірибелерді зеттеді. Атап айтар болсақ, жұмыс күніңізді мүмкіндігінше пайдаланыңыз, пайдалы өнімділікке қол жеткізу үшін ақыл-ой күшін оңтайландыру, эмоциялық және физикалық денсаулықты сақтау, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік тұжырымдамасын түсіну сынды тәжірибелерді зерттеп, өзара бөлісті.

Гүлнара Байбосынова,

“Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.