ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ бойынша атқарылған жұмыстар

0

Аудан бойынша  3 Ұлттық санағына дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушылар, 2 нұсқаушы-бақылаушылар және 12 интервьюерлер жұмыс атқаруда.

Барлық  интервьюерлерге  планшет, куәлік, бейджиктер, симкарта, (қалталы қуаттағыш), сөмке, фонарлар берілді.  Қазіргі таңда интервьюерлер үй аралау жұмыстарын жүргізуде.

Ұлттық санақтың бірінші кезеңінде (2021 жылғы 1-30 маусым аралығында) санақтық аудандастыру жүргізіледі – «Аудандастыру үшін тұратын халықты нақтылау бойынша  1 кезең интервьюерлерімен үйлерді, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимарат) және тұрғын емес үй-жайларды аралау».

Алынған ауылдық елді мекендердің, тұрғын үйлердің, ғимараттардың және  тұрғын  емес ғимараттардың жаңғыртылған  электрондық тізімінің және нақтыланған аудандар карталарының, ауылдық жерлердің сызбанұсқалық жоспарларының және мекемелердің тізімінің негізінде санақтық аудандастыру жүргізіліп,  нұсқаушылар және тіркеу учаскелері қалыптастырылады.

Ұлттық санақтың екінші кезеңінде (2021 жылғы 1-30 қазан аралығында) негізгі халық санағы өткізіледі, ол өз кезегінде Интернет-сауалнама және жаппай сауалнамаға бөлінеді.

С.Жарқынбеков,

Сарысу ауданының Статистика

басқармасының  басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.