Сүт зауыты іске қосылды

0

Ауданымызда  жыл сайын жаңа жобалар жүзеге асырылып, игі істер атқарылуда.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық және Елорда күні қарсаңында қаламызда бірнеше нысандар ашылды. соның бірі жаңа сүт зауыты іске қосылды. Нысан тәулігіне 2 тоннаға дейін сүт өңдеуге қауқарлы. Мұнда сүт, айран, сүзбе, қаймақ, сары май және өзге де сүт өнімдері өндіріледі.

Жоба «Байтұр-2050»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ф.Шайымқұловтың бастамасымен жүзеге асырылған.

Сүт зауытының ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  Алмас Мәдиев, аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмалі Орымбаевтар құттықтау сөз сөйледі.

Жаңа сүт зауытының құрылысы өңір халқының көптен күткен қуанышы. Кәсіпорын сүт өңдеумен айналысады. Дайын өнім қаптамасы да осы жерде өндіріледі. Сүт зауытында жергілікті тұрғындардан сүт қабылдау цехы, термоөңдеу және пастерленген өнімді құю бөлімі, тоңазыту камерасы, зертхана мен дайын өнімді сақтау қоймасы бар.  Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Мұнда жергілікті 5 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар халыққа қол жетімді мақсатында қала ішінде сүт өнімдерін сататын 4 дүңгіршек орнатылатын болады екен.

Салтанатты ашылу лентасын облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев  және Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Жеңісбек Әмірбеков қиды.

Тігін цехы жұмысын бастады

Құрметті қонақтар Жаңатас қаласы, 3-шағын- ауданындағы 11-үйдегі тігін цехының ашылуына қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары А.Мәдиев, аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, аудан ардагерлері  тігін цехын аралап, кәсіпкерге алғыс айтып,  ісіне табыс тіледі.

Тігін цехының иесі Ирина Николаевна өз сөзінде :

-Тігін шеберханасын ашудағы басты мақсатым-әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, аналарды кәсіпке баулу және нарықтың қажеттілігін зерттей білу. Бүгінгі таңда цехқа 16 көпбалалы ана жұмысқа орналасты-рылды. Олар тігін өндірісі бойынша тәжірибелі маманның басшылы- ғымен өздерінің практи- калық дағдыларын дамыта алады. Сонымен қатар, цех қызметкер- лерінде. «Тігін цехында оқу және жұмыс істеу кезінде көпбалалы аналар тігін өндірісі бойынша барлық кәсіби құпиялар мен ұсақ-түйектерді үйренеді және өз бизнесін бастап жүргізе алады. Алдағы күндері шеберханада тігіліп, дайын болған киімдерді басқа өңірлерге сатылымға шығару жоспарда бар,-деді.

Жаңа спорт алаңшасы

Жайылма ауылдық округі, Маятас ауылында спорт алаңшасы ашылды.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев, Маятас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Қойшыбаев құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ,  еңбек ардагерлері   Сармантай Мәлтаев, Манаш  Ибаділдаев ашылу лентасын қиды. Сонымен қатар, жаңадан ашылған спорт алаңшасында кіші футболдан  «Ақбидай» республикалық VII- ауыл спорт ойындарына ересектер арасында Жамбыл облысының  іріктеу жарысы өтті.

Жарысқа Байқадам, Түркістан, Досбол, Жайылма ауылдық округтерінен және көршілес Созақ ауданы, Құмкент ауылдарынан  барлығы  11 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша,  1 — орынды Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінің командасы,  2 — орынды Маятас ауылының командасы,  3 — орынды Досбол ауылдық округінің командасы, ынталандыру 4 — орынды Жайылма ауылдық округінің командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің  диплом, медальдары және Маятас ауылының демеушілер тарапынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

«Бақытты отбасы»

әлеуметтік орталығы ашылды

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының ғимаратында  «Бақытты отбасы» атты отбасыларды қолдауға арналған әлеуметтік орталық ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев,  «Бақытты отбасы» жобасының жетекшісі А.Басирова құттықтау сөз сөйледі.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында «Неке  және отбасы туралы», «тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарға, ҚР Еңбек кодексіне  және өзге де мәселелер бойынша заңгерлік кеңес алуға болады. Мақсат мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар туралы кеңінен түсінік беру. Сондай-ақ, орталықта психолог, заңгер мамандары көмек көрсетеді. Әлеуметтік кеңсенің қызметкерлері жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып жатқан жобада кеңестер тегін беріледі.

Сонымен қатар,  бұл орталықта шаштараз, әйел,қыздарға барлық сән үлгілерін,  тігіншілік сынды  оқу крустарын жүргізе отырып, өмірге құштарлық, өзіне-өзі сенімділік, өмір сүру бағытындағы құндылықтар сынды жан-жақты жұмыс жүргізіледі.

Салтанатты шара барысында орталықтың лентасын аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, аудан әкімдігі жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Үсембаев, «Бақытты отбасы» жобасының жетекшісі А.Басирова қиды.

Сәулет Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.