БОКСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0

Бокстан олимпиада ізбасарларын даярлайтын Жаңатас бокс мектебінің жасөспірімдері үнемі білекті жарыстардан жеңіспен оралуда. Бұл жолы да  аталмыш мектептің тәрбиеленушісі Булатников Алекс Валерейович  Қордай қаласында 22-26 маусым күндері өткен КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.Цхай және КСРО еңбек сіңірген спорт шебері С.Қонақбаевтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі XVI республикалық ашық турнирінен 66 салмақ дәрежесінде 1 орынды иелеп қайтты. Шаршы алаңда өз техникасымен көзге түскен жас спортшы Алекстің қанжығасы бос қайтпады. 

Жаттықтырушысы Жүсіп Кәрібозовтың айтуынша  Алекс өте еңбекқор бала. Спортты өзі жақсы көреді. Жарысқа барасың деген сөзді естігеннен өзін аямай жаттығу жасаудан жалықпайды.

Бұдан да бұрынғы жеңістері жетерлік. Түркістан қаласында өт-кен қазақтың мақтан-ышына айналған боксшы Б.Саттархановты еске алуға арналған  республикалық турнирден 3 орынды иеленген болатын. Сонымен қатар жерлесіміз С.Өмірбековтың жүлдесіне арналған турнирден 2 орынды қанжығасына байлаған болатын деп оқушысының жеңістерін мақтанышпен айтты. 

Гүлнара Байбосынова, «Sarysý

Leave A Reply

Your email address will not be published.