МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

0

Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бекітілген  кешенді жоспарын Сарысу ауданында іске асыру аясында А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаевтың шығармашылық жолдарын жастар арасында насихаттау мақсатында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Халқыммен егіз ғұмырым» атты мекеме қызметкерлері арасында аудандық байқау өтті.

Үш номинация бойынша өткен ауданымыздағы түрлі мекеме, кәсіпорындардан жалпы саны 11 қатысушы қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңі — «Қалың елім, қазағым…» деп аталып, А.Құнанбайұлының шығармашылығынан тәрбиеге, білімге, қоғамдық тақырыптарға негізделген өлеңдерін жатқа айтты. Екінші кезең «Халық — менің шын атым…» деп аталып, Ж.Жабаевтың шығармашылығынан саяси, қоғамдық тақырыптарға негізделген өлеңдерін жатқа айту болды. Ал, үшінші кезеңде «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде қатысушыларға 2 тапсырма берілді. 1 тапсырма бойынша ұйымдастыру тараптан арнайы дайындалған А.Құнанбайұлының, Ж.Жабаевтың өмір және шығармашылық жолдарына бағытталған жалпы саны — 3 сұрақ берілді. 2 тапсырма бойынша А.Құнанбайұлының қара сөздерінен үзінді беріледі. Қатысушылар берілген қара сөздердің тақырып аясын, мағынасын ашып беруге барынша тырысты.

Тартысты өткен сайысының қорытынды нәтижесі бойынша: І орынды Жаңатас көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Әбілдаева Жанерке Оңғарқызы, ІІ орынды «Саин» балабақшасы жанындағы «Еңлік» шағын орталығының тәрбиешісі Ноғайша Аян Жаңабайқызы, ІІІ орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Көшербай Наурыз Сәуірбекұлы иеленді. Сонымен қатар «Үздік мәнерлеп оқу шебері» номинациясы бойынша «Саин»  балабақшасының тәрбиешісі Орынбек Гүлназ Бахытқызы, «Талпынған жетер мұратқа» номинациясы бойынша Жаңатас қалалық аула клубы КММ-нің үйірме жетекшісі Есенгелдиев Ернұр Ержанұлы, «Жырларыңмен сусындап» номинациясы бойынша аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қызметкері Тұрлыбекова Мадина Мырзағалиқызы қанжығаларына байлап қайтты.

Гүлнара Байбосынова,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.