Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауы

0

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық  БАҚ өкілдерін құрмет тұтамыз.

Қызметтеріңізді абыройлы атқарып, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін.

Өз жұмыстарыңызға деген шығармашылық ұстанымдарыңыз бен қарым-қатынасқа ашықтықтарыңыз және еңбектегі ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері, нақты адами ұстаным, болып жатқан жайтқа бей-жайлық танытпай, шындықтың түбіне жетуге ұмтылу – Сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры.

Бүгінгі қоғамның өзекті әрі шынайы  ақпаратқа деген талғамы өте жоғары. Сіздер оқиғалардың қалың легіндегі ақиқатты дөп басып, дүйім жұртқа шындықтың бетін ашатын дәнекерсіздер.

Ерен еңбектеріңіз мен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.