МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ- АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

0

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлері!

Сіздерді Мемлекеттік қызметші күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметшінің атқаратын рөлі ерекше. Мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш.

Мемлекет мүддесіне қызмет атқару абыройлы, әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс. Мемлекеттік қызметшінің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді.

Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетіп, мемлекетіміздің дамуы мен ел ертеңінің еңселі болуына, мемлекеттік саясатты қолдап, оны жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатқан әрбір мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мол, елге қызмет ету – абыройлы міндет.

Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді және білікті       әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Белгіленген мемлекеттік қызметті жауапкершілік пен абыроймен атқару — біздің басты міндетіміз.

Қымбатты әріптестер!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, халыққа қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

А.Сейналиев,

аудандық мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.