Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиевтің Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауы

0

Құрметті Әріптестер!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші  күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады. Әрі жұмысы жемісті болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуы мен нығаюына қосылған елеулі үлестермен және оның тарихымен толыққанды мақтануға  құқығымыз бар.

Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай  рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасау керек. Сіздер сол сенімнен шығып, ел үмітін ақтап жүрсіздер деп сенемін және осы бағыттағы оң имиджді қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс жасауға шақырамын.

 Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.

Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.