АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

0

Құрметті медицина қызметкерлері мен

денсаулық сақтау саласының ардагерлері !

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамның болашағы халықтың денсаулығына байланысты. Халқымыздың денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Шыдамдылық, терең білім мен мейірімділікті талап етеді.

Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі екені баршамызға аян. Бұл кәсіпте адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін  кез-келген уақытта күштерін аямай күресуге дайын.

Адам өмірі мен денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барады. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқаратын істері мол.

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен баянды бақыт тілеймін.

Азаматтарымыздың денсаулығын қорғаудағы қажырлы да игілікті істеріңіз бен ықылыс-қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

А.Сейналиев,

аудандық мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.