ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Сарысу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі төмендегіше қызмет түрлерін көрсететінін хабарлайды:

-Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу – ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу өтінішінің тіркеуші органға қолын қойып құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі немесе уәкілдік берілген тұлға береді. Мемлекеттік тіркеуге ҚР аумағындағы құрылған, олардың құрылу мақсаты, түрі және сипаты іс-әрекеті, қатысушылар (мүше) құрамына қарамастан барлық заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші мекемеге келесі құжаттар тапсырылады:

-ҚР Әділет министрлігі мен орнатылған бойынша арыз;

-шағын және орта бизнеске тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін, тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе басқа құжат;

-заңды тұлғаның түріне байланысты басқа да қажетті құжаттар.

-Жарғы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңды тұлғалардың регламенттері, олардың филиалдары мен Жарғысының ережелеріне қоспағанда өкілдіктері, акционерлік қоғамдар, олардың өкілі, филиалдары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.

-Аудан бойынша жылжымайтын мүлікті кепілге қою және шығару, сатып алу – сату шарттарын нотариус арқылы электронды  түрде 1 жұмыс күн ішінде тіркейміз.

-Аудан көлемі бойынша жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат дайындау, салық салу құнын бағалау және жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу жұмыстарын жүргіземіз.

-Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскелеріне, жерге орналастыру жұмысын, бөлініп берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін және жер учаскесіне берілген құқық түріне сәйкестендіру құжаттарын әзірлейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Сарысу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.