АРХИВТІК АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамыр №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына негізделеді және осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелерін беру қызметі тікелей мемлекеттік архив , «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түп нұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылған сенім хаты бар болған жағдайда өтінішке сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы оның ЭЦК кілті болған жағдайда не бір реттік пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алады. Ол үшін сіз кез келген іздеу жүйесінің адрестік жолына «Egov.kz» деп жазып, «Enter» батырмасын басып, ашылған тізімінің арасынан Egov.kz ресми сайтын ашасыз. Ашылған ресми сайттан «Құқықтық көмек» бөлімін таңдайсыз. Ашылған бөлімінен «Апостиль» бөлімшесін таңдайсыз. Ашылған бөлімшедегі «Онлайн сұрау» батырмасын басасыз. Өзіңіздің сертификатыңызды тауып таңдайсыз. Керекті мағлұматты толтырасыз. Сертификатыңызбен қол қойып,сұранысыңызды архивке жібересіз.

Архив кеңсесінде құжат тіркелгеннен бастап 11 жұмыс күн ішінде архивтік анықтамалар мен архивтік көшірмелер дайындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5(бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу себептері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30(отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Мемлекеттік сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) жоқ екендігі туралы хабарлама дайындайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызмет – тегін.

Сарысу ауданының мемлекеттік архиві КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.