ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ-ЖОЮ МІНДЕТ

0

Жаңатас қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жеке құрамына Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі бөлімшесінің офицері, әділет лейтенанты Қалмантаев Елдос Үсенұлы, Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицері, анықтаушысы – әділет лейтенанты Жақыпбеков Бақытқали Нұрғалиұлының қатысуымен түсіндірме жұмыстары өтті. жиында сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінде, сыбайлас жемқорлық құқық – бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық                                                                                            бұзушылық туралы Кодексінде көзделгенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заңдылықты сақтау әр – бір қызметкердің және азаматтың басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде орын алған сыбайлас жемқорлық оқиғалары бойынша жеке құрамға жеткізіліп және ондай іс-әрекеттерден аулақ болу керектігін ескертті.

Қоғамымыздың барлық саласында дендеп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі және онымен күресу біздің басты міндетіміздің бірі екендігін жеткізді.

А.Пшаев,

Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген

бөлім бастығы, майор

Leave A Reply

Your email address will not be published.