Түркістан ауылдық округі тұрғындарының назарына

0

Түркістан ауылдық округіндегі Буденое елді мекенін Арыстанды ауылы деп қайта атауға байланысты 2021 жылдың 9 шілдесінде Буденое ауылдық клуб үйінде сағат 10:00-де Әмит Асанов көшесінің тұрғындарымен, сағат 11.00-де  Асан Әлиев көшесінің тұрғындарымен, 12.00-де Қаратас көшесінің тұрғындарымен  жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.

А Н Ы Қ ТА М А

Облыс бойынша жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде аудандық және облыстық мұрағаттан Буденое елді мекенін Арыстанды ауылы деп атау туралы құжаттар табылмағандықтан, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы бірқатар «әкімшілік-аумақтық бірліктердің бұрынғы атауларын растау туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі  № 2 – 8 ұйғарымымен бекітілген. (Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастығы, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Тілеуовтың 2011 жылғы 19 қыркүйектегі  №03-518 хатымен берілген).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі  №587 қаулысына сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізілуіне байланысты алдын ала жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының барысында республикалық әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (КАТО) тізілімінде Арыстанды ауылы Буденое атауымен тіркеуде тұрғандығы анықталды (Сарысу аудандық статистика басқармасының ақпараты).

Республикалық әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (КАТО) тізіліміне Буденое елді мекенін Арыстанды ауылы деп енгізу үшін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» № 2572-XII Заңының 11-бабына сәйкес           тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауданның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылды қайта атау туралы облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiм шығаруы керек.

Сол себептен заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізуіміз қажет.

Буденое елді мекені қазіргі заманға сай абаттандырылған. Көлемі жағынан 2557,4 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер — 75764 ш.м. . Ауылда 3 көше, 68 үй бар, 405 адам тұрады. Арыстанды орта мектебі, Арыстанды ауылдық клуб үйі, Арыстанды ауылдық кітапхана үйі, Арыстанды фельдшерлік пункті халыққа қызмет көрсетуде. Елді мекеннің атауы Арыстанды деп қайта атауға (ауылдың атауы жазылған көрсеткіш тақтасын орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 200 000 теңге жергілікті бюджет есебінен қарастырылатын болады.

Ауыл тұрғындарының ауыл атауын жер-су  атауымен қоюдың өз себебі бар. Арыстанды атауы тарихи жер-су атауына жатады. Ауылдың шет жағынан Арыстанды өзені ағып жатыр. Жергілікті халық Түркістан облысына қарай солтүстік-шығыстан соғатын қатты желдің ағысын Арыстанды-Қарабас желі деп атайды. Арыстанды өзенінің суын қазіргі уақытта ауыл тұрғындары өз қажеттілігіне, яғни, бау-бақша суғарып пайдаланып, осы Арыстандының суымен ауыл ішіндегі тал-дарақтар көгеріп, ауылға сән беріп тұр. Осы себептермен, ауыл тұрғындары жайлы мекен екендігін бағалай отырып, Арыстанды деген атауды жөн көріп отыр.

Түркістан ауылдық округі

әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.