ТОҒЫЗКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

0

Тоғызкент ауылдық округіндегі Әбілда елді мекенін Әбілда ауылы деп қайта атауға байланысты 2021 жылдың 9 шілдесінде Әбілда ауылдық клуб үйінде сағат 10:00-де «Елімбай» көшесінің тұрғындарымен, сағат 11.00-де  «Атақоныс» көшесінің тұрғындарымен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.

А Н Ы Қ ТА М А

Облыс бойынша жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде аудандық және облыстық мұрағаттан Үшарал елді мекенін Әбілда ауылы деп атау туралы құжаттар табылмағандықтан, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы бірқатар «әкімшілік-аумақтық бірліктердің бұрынғы атауларын растау туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 2 – 8 ұйғарымымен бекітілген. (Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастығы, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Тілеуовтың 2011 жылғы 19 қыркүйектегі  №03-518 хатымен берілген).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі  №587 қаулысына сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізілуіне байланысты алдын ала жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының барысында республикалық әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (КАТО) тізілімінде Әбілда ауылы Үшарал атауымен тіркеуде тұрғандығы анықталды (Сарысу аудандық статистика басқармасының ақпараты).

Республикалық әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуші (КАТО) тізіліміне Үшарал елді мекенін Әбілда ауылы деп енгізу үшін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» № 2572-XII Заңының 11-бабына сәйкес           тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауданның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылды қайта атау туралы облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiм шығаруы керек.

Сол себептен заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізуіміз қажет.

Үшарал елді мекені қазіргі заманға сай абаттандырылған. Көлемі жағынан 1267,0 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1200 ш.м. Ауылда 2 көше, 24 үй бар, 185 адам тұрады. Үшарал негізгі мектебі, ауылдық клуб үйі, ауылдық кітапхана үйі, фельдшерлік пункті халыққа қызмет көрсетуде. Елді мекеннің атауы Әбілда деп қайта атауға (ауылдың атауы жазылған көрсеткіш тақтасын орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 200 000 теңге жергілікті бюджет есебінен қарастырылатын болады.

Ауыл тұрғындарының ауыл атауын жер-су  атауымен қоюдың өз себебі бар. Әбілда атауы тарихи тұлға атауына жатады. Ауылдың шет жағынан Талас өзені ағып жатыр. Талас өзенінің суын қазіргі уақытта ауыл тұрғындары өз қажеттілігіне, яғни, бау-бақша суғарып пайдаланып отыр.

Осы себептермен, ауыл тұрғындары жайлы мекен екендігін бағалай отырып, Әбілда  деген атауды жөн көріп отыр.

Тоғызкент ауылдық округі

әкімінің аппараты

 Вниманию жителей Тогызкентского сельского округа

В связи с переименованием населенного пункта Абильда, Тогызкентского сельского округа в клубе села Абильда 9 июля 2021 года пройдет собрание местных жителей: в 10:00 часов с жителями улицы Елимбай, и в 11:00 часов с жителями ул. Атаконыса.

Справка

В связи с тем, что в результате проведенной инвентаризации по области в районном и областном архивах не найдены документы о наименовании населенного пункта Ушарал аулом Абильда, ономастическая комиссия при акимате Жамбылской области утверждила определение № 2-8 от 13 сентября 2011 года «о подтверждении прежних наименований административно – территориальных единиц». (Письмо начальника управления по развитию языков акимата Жамбылской области, заместителя председателя ономастической комиссии при акимате области К. Тлеуова от 19 сентября 2011 года №03-518).

В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2020 года № 587 в связи с проведением национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году в ходе проводимой инвентаризации установлено, что село Абильда зарегистрировано в реестре республиканского административно-территориального классификатора объектов (КАТО) под названием Ушарал (информация Сарысуского районного управления статистики).

Для включения населенного пункта Ушарал в реестр республиканского классификатора административно-территориальных объектов (КАТО) как село Абильда в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года № 2572-XII с учетом мнения населения соответствующей территории областные представительные и исполнительные органы по представлению местных представительных и исполнительных органов района на основании заключения областной ономастической комиссии должны вынести совместное решение о переименовании села.

Поэтому мы должны провести всё в соответствии с требованиями закона.

Населенный пункт Ушарал благоустроен в современном стиле. Площадь 1267,0 га. Из них: земли сельскохозяйственного назначения — 1200 кв. м. В селе 2 улицы, 24 дома, проживает 185 человек. Обслуживает население ушаральская основная школа, сельский клуб, сельская библиотека, фельдшерский пункт. Финансовые затраты, связанные с переименованием населенного пункта в Абильда (установка таблички с наименованием села), будут предусмотрены за счет средств местного бюджета в размере 200 000 тенге.

Абильда относится к имени исторической личности. На окраине села протекает река Талас. Вода реки Талас в настоящее время используется сельскими жителями для собственных нужд, т. е. садоводства.

По этой причине жители села, оценивая свой комфортный адрес, предпочитают именоваться Абильда.

Аппарат акима Тогызкентского

сельского округа

Leave A Reply

Your email address will not be published.