КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ

0

Өткен аптада аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауы болып өтті.

Байқау-қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру мақсатында өткізілді.

Карантиндік талаптарды сақтай отырып, байқауға қатысушылар қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан, қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.

Байқауға қатысушылар ерекше дайындықпен келіп,  өз білімдерін ортаға салды. Сайыс нәтижесінде бас жүлдені жайылмалық Ұлданай Садирмекова жеңіп алса, бірінші орынды Ұ.Сыздықбайұлы ауылынан келген қатысушы Сейдахмет Ыдырыс, екінші орынды саудакенттік Аяулым Досаева, үшінші орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқытушысы Шапағат Боранқызы иеленді. Байқауды ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Камели Сүлейменова,

“Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.