Қарияларға мың алғыс

0

Мемлекетіміз өз Тәуелсіздігін алған 30 жыл ішінде, қарыштап қатты даму үстінде. Мемлекетіміздің көркеюін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мемлекет басқарудағы сарабдал саясаты мен таңдаған айқын жолы деп білеміз. Бұл жолды одан әрі жалғастыра білген Қасым- жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да ұстаған бағытының дұрыстығының арқасында Еліміз одан әрі де қарқынды дамуда!

Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Түркістан ауылдық округі де барлық жағынан көркейіп, гүлденіп келеді. Кешегі Кеңестік жүйенің ыдырап тараған кезі мен бүгінгі Түркістанды салыстыруға мүлдем келмейді. Ол кездерде өздерінің пай үлестеріне жер телімдерін алған округ тұрғындары қайтсек егіс егеміз деп, кеңшардан қалған ескі техникаларымен қатты қиындық көріп еді. Қиналса да қиындықты жеңе білген шаруалар егіс егуді жолға қойып, енді-енді еңселері тіктеле бастады. Ауыспалы егіс жүйесін пайдаланып, кеңшардан қалған ескі техникаларды мемлекет жеңілдігімен жаңа техникаларға ауыстырып үлгерді.

«Қырманы тоқтың, қарыны тоқ» дегендей еңсесі тіктелген округ тұрғындары жаңа құрылыс жұмыстарымен айналысып, елді мекендеріміз де көркейе түсті. Округте жаңадан астық қоймалары мен тұрғын үйлер қатар бой түзеп, ауыл көркі одан сайын ажарлана түсуде. Аудан бойынша 21 астық қоймасы болса, соның 18-і біздің ауылдық округтің үлесінде.

Егемен ел болып, еңсемізді тіктеп, елді мекендерімізде азан шақырылатын мешіттер соғылды. Қарттарымыздың бастауымен, оларға ерген жастарымыздың қолдауымен Әшір Бүркітбаев ауылында «Ақмолда» мешіті, Үшбас ауылында намаз үйі соғылып бітіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

«Қарты бардың – қазынасы бар» демекші, Әшір Бүркітбаев ауылының қариялары бірігіп, қаржы жинап, округ орталығы Әшір Бүркітбаев ауылының кіре-беріс жеріне, тау беткейіне Арқар мүсінін өз күштерімен орнатып, ауылымыздың әсемдене түсуіне өз үлестерін қосты. Округ тұрғындары ауыл қарттарына «Аман бол қарияларым, көңілі телегей-теңіз дарияларым» — деп өз ризашылықтарын білдіруде.

Ж.АРЫСТАНБЕКОВ,

Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.