СУҒА ШОМЫЛУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

0

Суға шомылу маусымы басталды. Бұл суға түсу кезіндегі қауіпсіздік туралы ойлайтын уақыт. Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің құтқару бөлімшелері жаз маусымына әзірлікке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Адамдар суда қауіпті жағдайда болатын себептерінің бірі — жүзе білмеуі немесе өз күштерін дұрыс бағаламауы, жеке құтқару құралдарысыз балық аулау, жабдықталмаған жерлерде суға шомылу. «Судағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару, суға түсу үшін тұрақты орынды анықтау, өз жақындарыңыз бен достарыңыздың қауіпсіздікке көзқарастарын тексере отырып, оларға арнайы жабдықталған орындар туралы хабарлаңыз. Алысқа жүзер алдында арқаға жатып суда демалуды үйрену керек. Бір-бірінің үстіне мініп, қолдары мен аяқтарынан ұстап суда ойнауға тыйым салынады. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыз, себебі сіз өз күшіңізді есептей алмай қалуыңыз мүмкін»,-дейді Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері.

Ә.Бекенов,

Сарысу ауданының ТЖ

бөлімінің аға инженері,

   азаматтық қорғау

лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.