ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігін баса айтқан болатын. Осыған орай биыл алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Nur Otan», «Ауыл» ХДПП, «Aq jol» ДП, «Қазақстанның Халық партиясы», «ADAL» партиясы филиалдарының өкілдері қатысты.

Жиында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының басшысы Серғали Айдапкелов баяндама жасады.

Оның айтуынша, ауылдық округ әкімдерін сайлау шілде, қыркүйек, қазан, желтоқсан айларында өтеді. Тұрғындар 97 сайлау учаскесі арқылы дауыс бере алады.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың мамыр айында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды қарастыратын түзетулерге қол қойған болатын. Әкімнің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлауды тағайындауға негіз болып табылады. Кандидат 25 жастан асқан, сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді болуы шарт, — деді С.Айдапкелов.

Жақында тіркелген саяси партиялардың кандидаттарды ұсыну үрдісі басталады. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар да қатыса алады. Ол үшін сол ауыл тұрғындарының яғни сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет.

-Ұсынылған кандидаттардың саны екіден аз болса, аудан әкімдері балама үшін өз кандидаттарын ұсынуға құқылы. Аудан әкімдері үміткерлерді жергілікті тұрғындармен келісе отырып таңдайды, — деді С.Айдапкелов.

Облыс әкімі бұл сайлаудың маңыздылығын, оған сапалы дайындалу керектігін атап  өтті. Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді әрекетіне негізделген шаралар қабылдауды, сайлаудың барлық қатысушыларының заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз етуді тапсырды.

-Алдағы сайлау халықтың билікке деген сенімін және әкімнің ауыл тұрғындары алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, ауыл әкімінің олардың мәселелері бойынша шұғыл әрекет ету  қабілетін арттырады, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеңес барысында пандемия жағдайында сайлауға қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары да назарға алынды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

В Жамбылской области началась подготовка к выборам сельских акимов

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу «Казахстан в новой реальности: время действий» заявил о необходимости внедрения прямых выборов сельских акимов. Вопросы подготовки к предстоящим выборам обсуждены на совещании под председательством акима Жамбылской области Бердибека Сапарбаева.

На совещании присутствовали представители областных филиалов партий «Nur Otan», НДПП «Ауыл», ДПК «Aq jol», Народной партии Казахстана, «ADAL».

С докладом выступил руково- дитель областной избирательной комиссии Сергали Айдапкелов.

По его словам, выборы акимов сельских округов пройдут в июле, сентябре, октябре, декабре этого года. Жители смогут проголосовать в 97 избирательных участках.

— Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в мае 2021 года подписал поправки, предусматривающие прямые выборы акимов городов районного назначения, сел, поселков и сельских округов. Основанием для назначения выборов является окончание установленного законом срока полномочий акима. Требования к кандидатам: гражданин Казахстана не моложе 25 лет, квалификационные требования для данной должности, общие ограничения как для всех госслужащих, например судимость, недееспособность, коррупционные преступления, — сказал С. Айдапкелов.

Скоро начнется процедура выдвижения кандидатов зарегистрированными политическими партиями. Смогут участвовать в выборах и самовыдвиженцы.

Кандидат-самовыдвиженец должен собрать в свою поддержку не менее одного процента подписей избирателей, проживающих в соответствующем сельском округе.

— В случае отсутствия альтернатив Право выдвижения кандидатов есть и у акимов районов после согласования с местными жителями, — сказал С. Айдапкелов.

Глава региона отметил важность качественной подготовки к выборам, поручил принять меры по эффективному взаимодействию избирательных комиссий, местных исполнительных органов, обеспечению неукоснительного соблюдения норм законодательства всеми участниками избирательного процесса.

— Предстоящие выборы позволят усилить доверие населения к власти и подотчетность акима перед сельчанами, повысить оперативность реагирования сельского акима к их потребностям, — сказал аким области.

В ходе совещания также были рассмотрены меры по защите здоровья участников избирательного процесса в условиях пандемии.

Пресс-служба акима Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.