ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ

0

Саудакент ауылдық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Өмірбаева Гүлсара мұғалімдік қызметті атқарып келе жатқанына  34 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта Гүлсара апай  “Домбыра үйрену әліппесінің әдіс-тәсілдерін 1-5 сыныпқа арналған әдістемелік сабақтарды оқушыларға жетік меңгертіп келеді.

Гүлсара апайдың жетістіктері де жоқ емес. “Көктем шақырады” ІІІ-республикалық білім мен өнер сайысына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласына атсалысып, салт-дәстүрін насихаттап. еңбек атқарып жүрген ұстаз “Үздік педагог” дипломымен марапатталды.  2020-2021 жылдары Қазақ еліне, өнер саласына қосқан зор еңбегі үшін Орал қаласынан “Жас өрен” шығармашылық орталығы “Ғасыр ұстазы” дипломын тапсырды. 2020-2021 жылдары мұғалімдер күніне арналған “Ұстаз-ұлы есім!” атты І Халықаралық конкурста облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан 200000  теңгенің сертификатын иеленді.

Өнер-өлмес мұра. Болашақта осынау бір өнерімізді берік ұстана отырып жарқын болашаққа сенейік.  Күй халықтың жаны дейтінімізде содан деген ұранды берік ұстайтын  да осы Гүлсара апай.

Осындай өнерге жаны құмар Гүлсара апайдың бүгінде еңбегі орасан зор. Солардың бірі жуырда ғана өткен “Өнерліге өріс кең” атты есеп беру концертінде шәкірттері өнерлерін көрсетіп, ұстаз мерейін үстем етті.

Есептік концертке ата-аналар, ұстаздар қатысты. Шарада  қазақ халқының ұлттық аспабы, бабалардан қалған асыл мұра  ең көп тараған екі ішекті музыкалық аспап домбыра туралы мағлұмат берді. Содан кейін, видеоролик арқылы ата-аналар мен шәкірттерінің арасында қаншалықты тығыз байланыс бар екендігін көрсетті.

Сонымен   қатар, табиғи талант иесі, өнерге құштар ұстаз болған, бірнеше күйлердің авторы, композитор, жерлесіміз С.Аубакировтің “Өрлеу” күйін Саудакент ауылдық балалар саз мектебінің биылғы түлектері  Алтынбек Арай, Орынбай Шұғыла және төртінші сынып оқушылары Өлкебай Балауса, Меделхан Назерке, Қоңыратбек Әсем нақышына келтіре орындады.

Музыка – үлкен өнер. Жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбиемен қатар сапалы білім беруде ұстаздар қауымының еңбегі орасан. Осы орайда саз мектебінің мақтаныштары 10-11 жасаралық жеткіншектер арасында екінші республикалық “Жас өрен” байқауының бірінші орын иегерлері, яғни екінші, үшінші сынып оқушылары Абдіжаппар Ұлназ бен Пернебай Жұлдызай “Елигай” әнін тамылжыта шырқаса, бірінші сыныптың оқу озаты Жағдай Аяулым  Моцарттың “Полонезін” орындады. Ал, төртінші сынып оқушысы Абдіқалиева Сүйрік  М.Хұсайыновтың “Мереке” күйі және  осы мектептің мақтанышы, өнегелі, тәрбиелі, өнер сүйер оқушысы,  ”Super Star” халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауының 1-ші дәрежелі лауреаты, „Өнер әлемі”, „Көктем шақырады” сияқты конкурстардың үздігі Өлкебай Балауса осы есепті кеште А.Жұбановтың “Қарлығаш” әнін нақышына келтіре орындап шықты.

Сонымен қатар, шарада Гүлсара Өмірбаева кешке қатысқан ата-аналарға тәрбиенің түп қазығы отбасы екендігін, ата-ана бұл мәселеде ақыл-өнеге беретіні жайлы айтты. Баланы уақтылы сабаққа жіберіп, оны қадағалау ата-аналардың жауапкершілігі екендігін де тілге тиек етті.

Ұстаз деген ұрпақтың рухани сәулеткері, халықтың өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осы бір жылы жүзді жандарға арнап оқушы Айтбек Жанайым тамаша дайындап келген арнауын жеткізді. Әрі қарай шәкірттер ұстаздарға арналған бір шумақ өлеңдерін оқыды.

Шара соңында Гүлмира Өмірбаева ата-аналарға, шәкірттеріне өз алғысын жеткізді.

Гүлнара Байбосынова,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.