ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДАҒЫ БОС ТҰРҒАН ПӘТЕРЛЕРДІ «ИЕСІЗ МҮЛІК» РЕТІНДЕ ТІРКЕУ

0

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 242-бабында «иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді»-делінген.

Осыған байланысты  Жаңатас қаласындағы шағын аудандардағы тиісінше пайдаланылмай қараусыз қалған, сонымен қатар иесіз бос тұрған 4 ықшам аудандағы №5 үй, 53, 54, 55, 56 пәтерлер ағымдағы жылдың наурыз айында, және 5 шағын аудандағы  №3 үй, 2 пәтер, №9 үй, 47, 48 пәтерлер, №10 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 28, 32, 39, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 64, 65 пәтерлер,  №17 үй, 9, 12, 14, 16, 20, 24, 25, 26, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 пәтерлер, №18 үй, 17, 20, 21, 22, 23, 25, 28, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 пәтерлер, №19 үй, 4, 6, 7, 8, 9, 12, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 28, 31, 29, 32, 33, 34, 35, 37, 41, 42 пәтерлер сәуір айында жылжымайтын мүлікті тіркеу бөліміне «иесіз мүлік» ретінде тіркеуге алынғанын хабарлаймын.

 М.Күзембаев,

Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі   

Leave A Reply

Your email address will not be published.